4-билет с_ттілік т_лектер!

1 – билет

Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары) .

Адамзат тарихы даумының ең алғашқы кезеңі – Тас дәуірі болды. Ғалымдар тас дәуірін 3- ке бөледі:

Палеолит – ежелгі тас ғасыры – б.з.б 2,5 млн – б.з.б 12 мың жыл.

Мезолит – орта тас ғасыры – б.з.б 12 – б.з.б 5 мың жыл

Неолит – жаңа тас ғасыры – б.з.б 5 – б.з.б 3 сың жыл.

Қазақстанда алғашқы адамдар шамамен 1 млн. жыл пайда болды. Ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы Оңтүстік Қазақстан. Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған түбі қызыл бояумен боялған қыш ыдыстарға шұңқыр және штрихтар түріндегі өрнектер салынған. Қаратау үңгірінің тұрғындары домалақ малта тасты екі жағынан егеп, жүзі өткір ирек ара сияқты – чоппинг деген қаруды жасай білген. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы болды. Тастарды жарып бөлшектеп, жүзі өткірлерін қолданды. Мұндай қаруды – чоппер деп атайды.

Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері

Х-ХІ ғасырлар арасында қала мәдениетінің дамуына ислам маңызды рөл атқарды. Араб ғалымы Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығын жазды. Құйрықтөбе, Отырар, Баласағұн, Тараз қалаларынан мешіт орындары табылды. Құрықтөбе қаласының жанындағы зираттардан адамдардың мұсылманша зерттелгені анықталды. ХІІ ғ. ІІ ж. қыпшақ ақсүйектерінің арасында ислам діні тарай бастады. Қыпшақтар орталығы Сығанақ қаласында мешіт-медресе салынып, Хисамаддин әл-Сығанақи сияқты ғұламалар шыққан.

Милитаризм

Метрополия

Мобилизация

Реквизиция

Монархия

Мемлекет басшысының билігі ұрпақтан ұрпаққа қалдырылатын мемлекеттік басқару

2 – билет

Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары)

. Болатын ұсақ тастардан жасалған – микролиттер пайда болды. Мезолит б.з.б 12 -5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Қазақстанда 20 астам мезолиттік тұрақтар табылды. Олар Мичурин, Явленко, Дүзбай, Ерейментау, Тельман, Әкімбек, Қарағанды, Қызылсу т.б. Есіл өзенінің аңғарынан көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана табылды. Алғашқы егіншілер жерді қазғыш таяқпен қопсытты, олдан кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Егін оратын қарапайым құрал атауы тас орақ, тесе болды.

Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.

1917 жылы сәуір-мамыр айларында «Алаш» партиясының облыстық, уездік съездері болып өтті. 1917 жылы көктемде Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды. 1917 ж. 21 мен 26 шілдеде Орынборда І жалпы қазақ съезі боды. Съезде мемлекеттік басқару формасын, қазақ облыстары автономиясын, жер мәселесін, халықтық млмция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани діни мәселелерді қарады. Ақпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана бастады. 1917 ж. қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезі, тұңғыш мұсылман партиясы – «Түркістан федералисттер партиясы» құрылды. Саяси ағымдар мен ұйымдар: 1917 ж. Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымының жұмысы күшейді. Семейде кадеттердің «Свободная речь» газеті шықты. Олар біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны жақтады. 1917 ж. көктемде эсер ұйымдары пайда болды. Эсерлер «Жер кім өңдесе соған берілсін деген» ұран көтерді. Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда көппартиялы жұмыс қалыптасты.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

Тың және тыңайған жерлерді игеру

Нәтижелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-билет

Жауабы:

Мезолит адамдарының кәсібі.

Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды. Б.з.б 8 мыңжылдықта Қазақстанда қолайлы климат орнады. Ғалымдар егіншіліктің шығуын әйелдер еңбегімен байланыстырады. Терімшіліктің дамуы – алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді. Алғашқы егіншілер жерді қазғыш таяқпен қопсытты, одан кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Адамдардың егін оратын қарапайым құрал атауы тас орақ, егіншілердің жер жырту құралы тесе болды. Малды қолға үйретуді бастады. Аң аулау, мал өсіру қалыптасты. Қой, ешкі, сиыр, шошқа қолға үйретілді. Ит қолға үйретіліп, аңшылардың көмекшісіне айналды.

Әбілғазы Бахадүр шығармасының тарихи маңызын анықтаңыз.

Әбілғазы Бахадүр Хан- тарихшы, шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған. Әбілғазы Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекетік басқару ісін меңгерді. Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды. Әбілғазы жазған «Шежіре – и Тарахима» және «Шежіре-и Түрк» атты тарихи екі шығарма кеңінен танымал болды.

Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.

Қазақстандағы Уақытша үкімет

Нәтижелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-билет

Жауабы:

Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 сатыдан тұрады:

Ауыл – қандас, жақын бірнеше отбасыдан құралды. Ауылбасы басқарды

Ата-аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрды. Ақсақал басқарды.

Ру – он немесе он бес аймақтан құралды. Рубасы басқарды.

Ұлыстық билік – бірнеше рудан тұрды. Сұлтан немесе хан басқарды.

Жүздік билік- бірнеше ұлыстан тұрды. Би басқарды. Жүздің биін ордаби депте атады. Тайпалар одағы негізінде қалыптасты. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз).

Хандық – үш жүзден сайланды. Хан Шыңғыс ұрпағынан сайланды. Ханды сайлауға атақты сыйлы шонжарлар қатысты.

Құрылтай- (мәслихат) бүкіл қазақ халқының бас қосқан кеңесі, ел басына ауыр күн туғанда үш жүздің белді азаматтары қатысады.

 

1917 ж. 25 қазанда Петроградта төңкеріс болып, билік кеңестердің қолына көшті. 1917 ж. қазан айынан 1918 ж. наурызға дейін Кеңес үкіметі Ресейге билігін орнатып үлгерді. Қазақ даласында кеңес үкіметі алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1918 ж. қаңтарда – Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылды. 28-29 наурызда контрреволюциялық күштер Кеңес үкіметін құлатты. Кейіннен Оралда азамат соғысы кезінде біржола орнады.1918 ж. Орынборда шығып тұрған Қазақ газеті жабылды. 1918 ж. сәуірде Ташкентте Түркістан өлкесінің кеңестерінің төтенше V съезі болды. Съезд Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасын жария етті. ТуркАКСР құрамына Сырдария мен Жетісу облысы енді.

 

бойынша толтырыңыз.

 

«Алаш» партиясы

Басшылары

Жетекшісі: Әлихан Бөкейханов

Мүшелері: А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, М.Тынышпаев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков ағайынды Досмұхамедовтар.

Шаймерден Әлжанов

 

Саяси қызметі

Капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар Автономиялық ұлттық мемлекет құру.

Қазақ революциясына көзқарасы

Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;

Қазақстанның дамуына өз көзқарастарын білдіріп, бағдарламаларын насихаттады.

«Алаш» партиясы ақиқат жағында болды.

Алғашқыда социал-революцияшылдар партиясымен одақтасты. 1918 ж. большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы:

XVII ғ. Басында Қазақ хандығында қалыптасқан саяси жағдай, екі хан билеп бытыраңқылық орын алды. Қазақ хандығында бір мезгілде Есім, Тұрсын билік құрды. Есім хан 1598-1628 жж. Билік етті. Есім ханның билік құрудағы басты мақсаты хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру болды. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңдар жинағы жасалды. Есім хан тұсында Қазақ хандығы мен моғол хандығы арасында одақ құрылды. Қазақ халқының көрнекті шежірешісі Құрбанғали Халидтің айтуынша Есім хан ұзын бойлы, батыр денелі болған, сондықтан оны «Еңсегейлі бойлы Ер Есім» деп атаған.

1960 жылдардың ІІ жартысында басшылық тарапынан ауыл шаруашылығын тұрақтандыру үшін біраз жұмыстар атқарылды.

Ауылшаруашылық өнімдерін сатып аду 2 ессеге өсіру;

Ауыл мұқтажына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту. Сегізінші бесжылдықта республика ауыл шаруашылығына 7,1 млрд. сом бөлінді,

Материалдық-техникалық базаны нығайту. Тракторлар – 198 мың, комбайндар- 10 мыңға көбейді.

Дәнді дақыл өсірумен шұғылданатын 783 шаруашылық солтүстік аймақта астық өсіруге мамандандырылды.

Қой өсірумен айналысатын 587 шаруашылық оңтүстік аймақта қой өсіруге мамандандырылды.

Республикада 586 кеңшар толық шаруашылық есепке көшірілді;

1970ж.дейін ғылыми-зерттеу институттары жанында оқу-эксперименттік кеңшарлар, 104 мал семіртетін кеңшарлар құрылды.

1960-1980 жж. Дейінгі кезең – тоқырау жылдары. Бұл жылдары жаңашыл үрдістер әлсіреді. Қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады. КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор түрінде көріне бастады. Саяси өмір ұстанымдарына түзетулер енгізген бетбұрыстар кезеңі басталды. Қоғам дамуында социализмнің ұзаққа созылатын кезең екенін мойындау және коммунизмге қарай «алып секіріс» жасау идеясынан бас тарту еді.

Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-билет

 

Жауабы:

Алтын Орданың ыдырауы мен ақ Орданың әлсіреуі барысында солтүстік-батыс Қазақстан жерінде Ноғай Ордасы пайда болды. Ноғай Ордасы Еділ мен Жайықтың ортасында болды. Ноғайлар Солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына, Солтүстік-батыста Қазан қаласына, Оңтүстік-батыста Арал мен Каспий теңізіне дейінгі аймақтарда көшіп-қонып жүрді. Едіге өзін хан деп жариялауға құқы болмағанымен Алтын Орданың билеушісі болды. Беклербек – «ұлы әмір» деген атағы болды. Жоғарғы сатыда бектер, мырзалар, сұлтандар мен байлар тұрды. Олар ауылдар мен ұлыстарды басқарды. Ордада билік мұрагерлік жолмен берілді. Ноғай Ордасының этникалық құрамына қоңырат, маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей т.б. тайпалар кірді. XVI ғ.Ноғай Ордасы ыдырай бастады. 1550 ж. ортасында Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай Ордасы бірнеше иеліктерге бөлінді. Оның халқының кейбір бөліктері Кіші жүз қазақтарының құрамына қосылды.

Басқарудың жаңа формаларына ауысқан кәсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады. Көптеген қалаларда экология тазалығын қорғау, өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу жөніндегі шаралар жүргізілмеді. Әлеуметтік мәселелер жылдар бойына шешілмеді. Негізінен аймақтық – географиялық, тарихи сипатына кереғар қалалар салынды. Пайдалы қазбалар өндіру орындарын жұмыс қолымен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдық жинақтау шаралары жүргізіліп, сырттан адамдар әкелінді.Әлеуметтік-тұрмыстық салаға қаржы бұрынғысынша аз бөлінді. Экономиканы дамытуды көздеген шаралар соғыс ракеталарын көбейту мен 200 ұлтты орыстандыру саясатының қалқасында қалып қойды.

Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

Жетістіктері

әкетілді.

Білікті жұмысшы кадрлар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, көбінесе Ресей, Украинадан әкелінді. Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді. Қалаландыру үрдісі күшейіп, қалалар мен қала үлгісіндегі мекендер, қала халқы көбейді. Дегенмен жергілікті қала тұрғындарының өсуі, баяу дамыды. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8% болды.

Машина жасау, металлургияғ қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады;

Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды;

Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді;

Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін ағылып жатты;

Қазақстаннан тыс жерге жүк тасымалдау үшін, жалпы шығын ретінде 1913 жылғы деңгейден 21,3 есе асып түсті.

 

 

7- билет

Жауабы:

Қола дәуірі адамзат тарихында ерекше орын алды. Өндіріске металл құралдарының енуі еңбек өнімділігін арттырды. Шаруашылықтың жаңа түрлеріінң пайда болуына себеп болды. Еділ бойы, Орал өңірі, Қазақстан және алтай аймағын мекендеген тайпаларында өндірістік қатынастар дамып, мал шаруашылығы жедел дами бастады.

Жаңа заманда қазақ халқының қалыптасу үрдісі Ресей, Қытай, Монғолия мен Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында одан әрі жалғаса берді. Егер олардың бір бөлігі ол жерлерде ежелгі замандардан тұрып келген болса, енді бір бөлігі жерін күштеп тартып алу, ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшырау және басқа саяси, әлеуметтік-экономикалық себептердің салдарынан сол елдерге барып қоныстануға мәжбүр болды. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі ата-мекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады.

Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтар мен нәтижелерін кесте бойынша толтырыңыз.

Қиындықтары

-Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі;

-Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы,

— Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы;

— Жергілікті мамандардың жетіспеуі;

— Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы;

— Әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі;

-ЖЭС тоқтатылып тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.

-Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты.

-Орталықтағы дамыған аудандар ұлт аймақтарын қамқорлыққа алды.

— Балқаш мыс балқыту комбинатының құрылысына Мәскеу құрылыс техникумының түлектері, метро құрылысынан 750 маман мен жұмысшылар келді.

— Донбасс шахтерлері Қарағандыны қамқорлыққа алды.

— Қазақ жұмысшылары үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт оқушыларының мектептері, техника үйрену үйірмелері ашылды;

— Индустрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді.

8-билет

Моғолстан (саяси тарихы, этникалық құрамы).

Жауабы:

14 ғ ортасы – Шығатай ұлысы ыдырады:

тан мемлекеті құрылды

Ұлыстың келесі бөлігі – Мауренахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылды.

Моғолстанның негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Поладшы. Билеушісі – Тоғылық Темір хан (1348-1362жж).

Аумағы –оңтүстік – шығыс Қазақстан, Қырғыстан, Шығыс Түркістан.

Астанасы – Алмалық (Іле алқабы) орталық аймағы – Жетісу.

Халқы дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін, барлас . Дулаттар ең қуатты тайпа.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи и Рашиди» еңбегі: «Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс, Көкшетеңіз – Түркістан, Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы».

Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «моңғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.

Билеушісінің титулы – хан.

аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен моңғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді.

Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады. Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.

Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші “Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда, кесіліскен шайқас болғаны соншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер арасындағы алауыздық, саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады. Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады.

Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі. 16 ғ. аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді. Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмірі Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.

болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.

2.ХІХ ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік – мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз.

Жауабы:

жәрмеңкелері болды.

 

1890 ж 14 маусымда – Шыңжаңмен сауда байланысын дамыту мақсатында Семей сауда округі құрылды. Атқаратын қызметі:

Шекара кедендерінің қызметтерін бақылау

Баж салығының қазынаға өткізілуін қадағалау.

1894 ж 30 тамызда Сібір теміржолы іске қосылды

Қазақ-қытай саудасы жаңа сатыға көтерілді.

Сібір өлкесін экономикалық дамытты

Қытайға жақын аудандарға жылдам тауар жеткізілді.

Тарихи маңызы:

Орыс-қазақ сауда қатынасының кеңеюі Орталық Азиядағы халықаралық жағдайды жақсартты.

Қазақ елінің екі ірі мемлекет аралығындағы стратегиялық орны қалыптасып, болашақта керуен саудасының дамуына негізін қалады.

 

3. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипаттаңыз.

Жауабы:

Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғырғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды.

9-билет

Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.

Жауабы

1384-1391 ж Алтын Орда мен Моғолстанға бірнеше рет жорықтар жасады.

1390 ж жорықтардан кейін моғолстан Әмір Темірге толық тәуелділікке түсті.

1380 ж Тоқтамыс Алтын Орданың жерлерін Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Сөйтіп Тоқтамыс Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартты. 1391 ж 21 қаңтарда Әмір Темір 200 мың оған қарсы шықты. 1391 ж 18 маусымда Құндызшада Тоқтамысты жеңді. 1395 ж Терек өзенінің жағасында Тоқтамыс күйрей жеңілді.

1916 ж. көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі.

Жауабы

үгіт жұмысына басшылық етті:

Соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді

Феодалдар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шақырды.

Ол 1916 ж тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алыны, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды.

бейбіт халықты ойрандалудан, көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет орындарына өз еркімен берілді. 1916 ж 9 қыркүйекте Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.

Амангелді Иманов

Ұйымдаспаған көтерілісшілерден жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды.

Қару өндіруді ұйымдастырды.

Көтерілісшілерді әскер өнеріне үйретті.

Көтерілісшілерді азық-түлікпен , аттармен қамтамас ететін тыл қызметін ұйымдастырды.

Мергендер жасақтарын құрды

Әскери сап құрып, калонамен жүргізді

Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілерінің басын біріктірді.

Кейкі батыр.

. Ол көтерілісшілердің «руани көсемі» атанды.

3. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып алған бекіністерді картадан көрсетіңіз.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер

басып алды.

10-билет

Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы.

Жауабы

2.ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің даму ерекшеліктері.

1925 жылы желтоқсанда БКП(б) XIV съезі өтіп, онда елді индустрияландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша үкіметтің алдына жедел қарқынмен аграрлы елден дамыған өнеркәсіпті елге айналдыру мақсаты қойылды. Индустрияландыру басталған кезде Қазақ АКСР-ның халық шаруашылығының жалпы өнімі 84,5%-ды құраса, ауылда тұратын халық саны 90% болды. Одақтың орталық органдары алғашқы күннен бастап Қазақ өлкесін Кеңес Одағының шикізат базасына айналдыру бағытын көздеді. Жоғарғы басшылық жер байлығын зерттеудің бағдарламасын жасап, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібін дамытуды негіздеді.

1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың басында Қазақстанның барлық аймағында табиғи байлықты зерттеу ісімен айналысқан экспедициялар жұмыс істеді. 1928-1929 жылдарды республикада 50-ге жуық геологиялық топ жұмыс істесе, ал 1931 жылы олардың саны 140-қа жетті.

Индустрияландырудың ең ірі құрылысының бірі – Түркістан–Сібір теміржолын салу болды. 1445 км-ге созылған Сібір мен Орта Азияны жалғайтын жол құрылысы 1927 жылы сәуірде басталды. Құрылыс бүкіл халықтық сипат алды. 1930 жылы 25 сәуірде мерзімінен 17 ай бұрын аяқталды.

Сол кезеңдегі ірі құрылыстардың қатарына Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс және Ащысай полиметалл комбинаттары жатады. Сондай-ақ Текелі полиметалл, Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының, Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылысы басталды. Бұлар тек Қазақ өлкесіндегі ғана емес, Кеңес Одағындағы түсті металлургияның ірі кәсіпорындары еді.

Шымкент, Ақтөбе және басқа аудандарда химия кәсіпорындарын салу басталды. Мұның бәрі электр қуатын өндірудің көлемін арттыруды талап етті. Соған орай Қарағанды ОЭС-і, Үлбі ГЭС-і, Балқаш мыс өңдеу комбинатының ЖЭО-сы сол кездегі екпінді құрылыс бағыттарына айналды. Ембі мұнай өндіру аймағы дамыды. Бұрынғы өнеркәсіп орындары – Қосшағыл, Мақат кеңейтіліп, жаңа кен орындары – Құлсары, Сағыз іске қосылды. Қазақстан түсті металл өндіруде Одақ бойынша екінші орынға, ал мұнай өндіруде үшінші орынға көтерілді. Қарағанды Одақ бойынша үшінші көмір базасына айналды.

Индустриаландыру жылдары ірі тамақ өнеркәсібі орындары да салынды. Оларға Семей ет комбинаты, Гурьев балық зауыты, Алматы жеміс-консерві комбинаты, Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары жатады. Егер 1926 жылы

Қазазстанда 44 қала және қалашық болса, 1939 жылы олардың саны 81-ге жетті. Қала тұрғындарының саны 8,2%-дан 27,7%-ға өсті. Инженертехникалық, жұмысшы кадрларының білікті тобы қалыптасты. 1926 жылы халық шаруашылығында істейтін жұмысшылар саны 10,7%-ды құраса, 1939 жылы бұл көрсеткіш 33,8%-ға жетті.

 

Сонымен қатар индустриаландырудың келеңсіз жақтары да аз емес еді. Индустриаландыруды жүйеге асыру үлкен қаржылық қорды қажет етті, ал ол қаржы ауыл шаруашылығы есебінен және ішкі несие арқылы алынды. Индустриаландырудың Одақ бойынша дамуы Қазақстан өнеркәсібін шикізат өндіру бағытында ғана дамытуға әкеліп соқты. Газ, мұнай, металл өңдейтін, машина, станок, прибор, автомобиль жасау кәсіпорындары салынбады. Қазақ Республиеасы елді электрлендіру, теміржолдар мен оны пайдалану бойынша Одақ көлемінде артта қалды. 1928-1939 жылдары Қазақстан қалаларының халқы қоныс аударушылардың есебінен ғана 1,8 миллион адамға жетті. Нәтижесінде 1920-1930 жылдары болған аштық пен қоныс аударудың салдарынан қазақтардың үлесі 1939 жылы 33,8%-ға дейін төмендеп кетті.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

Өлкеде индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді

Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей Украинадан әкелінді

Урбандалу күшті жүріп қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді

.Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.

 

Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді.

11-билет

Билердің қазақ қоғамындағы рөлі мен қызметі.

Жауабы:

атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген.Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:

ел билеушісі, иелік етуші;

сот, төреші;

батагөй, шешен;

бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған.

Қазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ Билер болады. Олар қазақтардың барынша беделді бөлігі болып табылады. Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білгендігімен ерекше көзге түсті. Бұл топтың өкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетн атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді шешіп отырды. ХVIII ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие болағн билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Төле би, Орта жүзден шыққан Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды. Соңғы кезде патшалық Ресей билерді өзі тағайындауға көшті. Бұл жағдай билердің дала тұрғындары арасындағы беделін бірте-бірте төмендете берді.

Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші орынға қояды. Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз. Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен, билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге, яғни сот билігіне келіп саяды. Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін қасиеті – дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет.

Көтеріліс үдей түсіп, Шу өзені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды.

10 мың астам қырғыз бен қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.

Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, владислав, Мащеры, Краснояр, Новокиев қоныстарын басып алды.

Көтерілістің ірі ошағы – Қарқара аймағы

Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 ж 11 тамыз

Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220 жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. 1916 ж 10-12 қыркүйек

Мойқұмда мерке, Әулеиата көтерілісшілері шайқасты.

Жетісу көтерілісінің жетекшілері: Б.Әшеекев, Т.Бокин (Верный уезі), Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов (Қарқара), А.Қосанов (Мерке ауданы, Құрақты болысы).

Салдары

Түркістан өлкесінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды

37355 қазақ отбасыларықұнарсыз таулы аймаққа және Балқаш маңындағышөлді далаға қуылды

1916 ж 9 қыркүйекте Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.

Ж.Мәмбетов абақтыға қамалып, 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.

 

 

3. 1917 жылдары құрылған саяси — демократиялық партиялардың құрылған аумақтарын карта бойынша белгілеңіз.

Жауабы:

1917 ж Түркістан федералистер партиясы. Түркістанда

1917 ж күзде Үш жүз партиясы Түркістанда

1917 ж Алаш партиясы Орынборда құрылды

12-билет

 

Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары.

Жауабы:

1371-1372 ж Темірдің Моғолстанға алғашқы жорықтары басталды.

1371-1390 ж Моғолстанға он шақты рет жорық жасады.

1384-1391 ж Моғолстанға бірнеше рет жорық жасады.

1390 ж жорықтардан кейін Моғолстан Әмір Темірге толық тәелділікке түсті.

 

2.1916 жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.

Торғай көтерілісі

Торғай көтерілісінің ерекшелігі

табанды болып, ұзаққа созылды

билік көтерілісшілердің қолына көшіп, бір орталықта жүргізілді

басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі болды.

Торғай облысындағы көтерілістің барысы

1916 ж қыркүйек көтерілісшілер саны -20 мың

26 қарашада – 50 мың-ға жетті

1916 ж 22 қазан Амангелдінің басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Амангелді Т қоршауды тоқтатып, жазалаушы әскерлерге қарсы қозғалады. Түнқойма пошта станциясы маңында жазалау отрядына шабуыл жасап, артынша көтерілісшілерді аман сақтау үшін қашыққа шегініп кетеді.

Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті.

Амангелді Иманов

Ұйымдаспаған көтерілісшілерден жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды.

Қару өндіруді ұйымдастырды.

Көтерілісшілерді әскер өнеріне үйретті.

Көтерілісшілерді азық-түлікпен , аттармен қамтамас ететін тыл қызметін ұйымдастырды.

Мергендер жасақтарын құрды

Әскери сап құрып, калонамен жүргізді

Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілерінің басын біріктірді.

Кейкі батыр.

. Ол көтерілісшілердің «руани көсемі» атанды.

Тарихи маңызы

Қазақ халқының таптық санасы өсті

Қазақстан халықтары ұлттық мүделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Жауабы:

Арал апаты. Өзбекстан мен Қазақстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл арал теңізі деп аталады. Арал теңізі 1960-1970 ж дүниежүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатса, 1998 ж 18 м төһмендеген. Соның салдарынан теңіз 2 суайрыққа бөлінді Үлкен арал және кіші арал 1992 ж. Арал теңізінің тарылуына Арал апаты пайда болды.

Теңіздің жиегінен 400 шақырымға созылған «тұзды бұлт» өсімдіктер мен жануарлар түрлерін азайтты. Теңіз түбінен 70 млн тонна улы шөгінділер көтеріліп, тұзды шаңға айналып, егістіктер мен жайылымдарды улап, адам денсаулығына үлкен қауіп төндіріп отыр.

13-билет

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

Жауабы:

Шетелдік интервенция мен, азаматтық соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері:

307 кәсіпорындарының 250-і жұмыс істемеді

Өнеркәсіп өнімі 6,3 % болды

Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды.

Мал саны 29,9 млн-нан – 16,3 млн-ға кеміді.

 

1921 жылы 8-16 науырызда РКП (б) Х съезі өтіп, онда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды.

ЖЭС-тің мәні:

азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен ауыстырылып, еңбек міндеткерлігі жойылды;

сауда жасауға, жерді жалға алу, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді;

кооперация мен шаруашылық есепке еркіндік берілді.

2.Әбілхайыр ханның Ресей патшалағымен жүрізген келіссөздерінің мәні мен сипаты.

Жауабы:

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан (1680-1748) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.

Әбілқайыр ханның мақсаттары:

Қалмақтар мен башқұоттардың Қазақ жерін шабуылдарын тоқтату

Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу

Ең басты мақсаты жоңғарларға қарсы күресте ресеймен байланысм орнату.

Әбілқайыр хан 1726 ж Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күманданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын.

1730 ж кіші жүз ақсүйектерінің талабы Ресеймен әскери одақ құру

Әбілқайырдың талабы Ресейдің құрамына кіру

1730 ж қыркүйекте Петербургке аттанған елшілер Сейтқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырылды.

1731 ж 19 ақпан кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен императрица Анна Иоанновна қабылдады.

Тевкеелев қазақ жеріне жіберілді.

1731 ж 10 қазанда кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.

Патша үкіметінің мақсаты

Жоңғар соғыстарын пайдаланып, қазақ жеріне бекіністер салып алу

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Жауабы:

.

Бұл суретте «Ұжымдастыру кезеңі мен 1930-1932 ж.ж аштықтың зардабы» бейнеленген. 1927 жылы желтоқсанда Компартияның ХV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты жариялады. 1932 жылдың көктеміне дейін өлкеде ұжымдастыруды аяқтау белгіленді. 1933 жылға дейін Қазақстанда көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді аяқтау көзделді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел дамытылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателер:

Қатал жаппай қуғындаумен лаңкестікке негізделді;

Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді;

Әкімшілдік-күштеу әдістерімен жеделдетіле жүргізілді.

Мысалы: Абыралы ауданында 70%; Жымпиты ауданында 60%, Жәнібек ауданында 95% шаруашылық ұжымдастырылды.

Мыңдаған адамдарды еріксіз жазалау шаралары жүрді. 1929 жылы 56498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңнан астамы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1933 жылы БМСБ (Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма) үштігі 21 мыңнан астам адамды қамауға алды. Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды. Жекедегі малды қоғамдасытру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 ж.ж аштық жайлады.

Аштықтан , түрлі індеттерден халықтың 40 % қырылды. Бір миллионнан астам қазақ республикадан тыс жерге көшіп кетті. 1931-1933 жылдары республиканың 6.2 млн тұрғынының 2.1 млн-ы аштықтан қырылды. Оның ішінде қазақтан басқаның шығыны-0.4 млн адам. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40.5 млн мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда не бары 4.5млн мал қалған еді

14-билет

Абылай хан (мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат)

— Ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Ол 1711 ж.  (орыс деректерінде 1713) өмірге келген. Арғы тегі – Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай, жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. 1730 – 33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап шапқан Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 1730 – 40-жылдардағы сұрапыл соғыс шайқастарында ерекше көрінді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Абылайдың қолына көшеді. 1738 – 41 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1741 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында үлкен абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5-қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады.Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың (Қытай) империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер (1757 – 77 ж. Пекинге 10 елшілік жіберген) аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдайлармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан жаулармен ымырасыз күрес жүргізді. 1754 – 55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын бекітеді.Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 – 67 ж. Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды.

Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.

ХХ ғ. басындағы ұлт – азаттық қозғалысындағы қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі.

Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.

Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымының бағыты: олар қазақтарды Ресей мелекетінің бодандары, Отанның перзенті деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы:Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлауын кемшілік санаймыз,-деп жазды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты:”Бірі-барса,алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі-бармай қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді…”.Ұлт-азаттық қозғалысқа ревалюцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т. Рысқұлов, Т.Бокин, Ә. Майкөтов, С, Сейфулин, С.Меңдешов, Ә. Жангелдин,Б. Алмановсияқты өкілдері қатысты. Күрес барысында әлеуметтік жанжалдарды шешуде әртүрлі таптардың белгілі бір көзқарастары сынақтан өтті.

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Қазақстандағы лагерьлер жүйесі

1937 жылы БК(б)П ОК-нiң, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттiгi жөнңндегi нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.

Олардың отбасы мүшелерi де жазықсыз қудалау көрдi. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейiнгi кезеңде КСРО-да 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкiм орындалған. 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейiнгi мерзiмге түрмелерге қамап, миллиондаған адамдарды лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931–1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық бiлдiрiп, Қазақстан халқының мүдделерiн қорғағандар да қосылды.

1930 жылғы сәуірде қазақ АКСР БМСБ алқасы қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарды. РКФСР Жоғарғы сотының көшпелі сессиясы дарынды сәулетшілер, инженерлер тобын сотқа тартып, тергеу жұмыстарын жүргізді. Қазақ-кеңес әдебиетінің көрнекті тұлғалары- Сейфулин, Майлин,Жансүгіров, Дулатұлы жазаға ұшырады.А.Байтұрсынұлы, профессор Қ.Жұбанов, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы С. Асфендияров, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі- М.Төлепов, және басқалар жазалау шараларының құрбаны болды.

Т. Жүргенов,

ретiнде тұтқындалды.

жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Азаматтарды «халық

жауы» деп жариялап ату жазасына кесу, құқығынан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүлiктерiн тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркiнен айыру тәрiздi шаралар кеңiнен қолданылды. Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары

деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негiзiнен көршілердiң, қызметтестердiң, тiптi таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негiзделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгiт-насихат жүргiздi деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшiн айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды

жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттiк мекемелер мен кәсіпорындарының қалыпты жұмыс iстеуiне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшiн негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшырады.

лып лагерьлер жүйесi – ГУЛАГ құрылды. Оның құрамында АЛЖИР,

Қазақстан 20-жылдардың екiншi жартысы мен 30-жылдары бұрын-соң ды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда тұңғыш рет феодализмнен капиталистiк қоғамға соқпас тан

мақсатты көздедi:

: қазақ халқының тiлi мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігi, шынайы егемендiгiнен айыру, Қазақстанда «Кiшi Қазан» жоспарын жүзеге асыру;

: Қазақстанды елдiң шикiзат базасы ретiнде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;

: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебiнен республиканың ұлттық әлеуiтін (күш-қуатын) «жақсарту».

Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердiң құры луына жағдай жасады. Көптеген аудандар тiкен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетiлдi. Кейiнiрек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындар дың бiрi Алматы түбiндегi Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937–1938 жылдары атылған белгiлi жазушылар мен ақындар М. Жұ мабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгiров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т.б. мемлекет, қоғам қайраткерлерi, шаруашылық басшылары мен

өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптiң мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерлендi. Кеңес өкіметінiң Қазақстандағы саяси қуғын-сүргiн құрбандарының

жалпы саны, ғалымдардың есептерi бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткенi 20–40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлi күнге шейiн белгiсiз болып отыр.

 

15-билет

Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.

Жауабы:

Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы Мөде шаньюй. Б.зб 2 – б.з.б 1ғғ ғұн тайпалары бір мемлекетке бірікті. Аумағы – Байкал – Тибет тауы, шығыс Түркістан –Хуанхенің орта ағысы

Мөде әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. Мемлекет 3 бөлікке бөлінді

Оң қанат

Сол қанат

Орталық қанат

дастырды.

2.Патша үкіметінің 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.

Көтеріліс орталықтарын басып-жаныштаудан кейінгі қарусыз, бейбіт қазақ халқын жазалау, алаш қайраткерлерінің қаупінің орынды екенін растады. Жазалаушы экспедициялар жергілікті халықты қырып-жоюға тұрақты армия және казак бөлімдері, қаруланған қоныс аударушылар қатысты. Жүздеген қазақтар өлтірілді, сусыз даламен шөлді жерлерге, тауға ығыстырылды. Аштық пен суықтан қырылды. Генерал губернатор курапаткин бекіткен сот үкімдерімен 1917 ж 1 ақпанда Түркістан өлкесінде өлім жазасына 347, каторгалық жұмыстарға 168, түрмеге 129 адам кесілді.

Жетісу көтірілісінде қарсы патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді:

14 батальон

33 жүздік

42 зеңбірік

97 пулемет

 

1916 ж қазан патша әкімшілігінің «Қырғыздарды көшіру туралы» шешім шықты.

Пішпек, Пржевальск, Жаркен уездеріндегі шұрайлы жерлердің 2 млн 510 мың 360 десятина тартып алынды.

Жетісудағы 238 мың астам қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың қудалауымен Қытайға өтіп кетті.

37355 қазақ отбасылары құнарсыз тауға н/е Балқаш маңындағы шөлді жерге қудаланды.

1916 ж 9 қыркүйекте жазалаушылар Бекболат Әшекеевті Боралдау асуында дарға асты.

Жәмеңке Мәмбетов абақтыға қамалып, 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.

Патша өкіметінің жазалаушы шараларының салдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.

Семей полигоны

Бұл суретте «Невада Семей полигоны» суреттелген. 1949 жылдан бастап Қазақстан елдің қорғаныс комплексінің аса зор ядролық полигонына айналды. Семей ядролық полигон аумағы – 8,372 шаршы шақырым. Орналасқан жері – Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен жері. Полигонда алғашқы ядролық сынақ өткізілген уақыт 1949 жылғы 29 тамыз. Полигондағы жарылыс саны 500-ге жуық (459)

і

16-билет

Аттила және ғұндар.

   Мөде қайтыс болған кезде, елде өзара қырқыс басталды. Ғұндар б.з.б. 55 ж екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулетіне бағынышты болып қалды, ал солтүстіктегі ғұндар Чжи-чжи басқаруымен Талас өзен бойына көшті. Кейіннен олар жылжи отырып Арал бойына, Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті. Сонымен, ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы деп белгілі.

б.з.б. 2 ғасырда басталып, б.з.-дың 4 ғасырына дейін созылды.

   5 ғ. ортасында қарай ғұндардың басшысы Еділ Румыния мен Венгрия елдеріндегі ғұндарды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтті. Атилла ержүрек жауынгер, дарынды қолбасшы, қаһарлы ел билеуші болған. Еділ патша тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. Ол шамамен 400-453 жылдар аралығында өмір сүрді. Оның билік құрған жылдары 445-453. Византияға алғашқы жорықтан кейін Аттила ғұндардың жалғыз көсемі ретінде Византиядан алым-салық төлеуді және жау жағына өтіп кеткен қашқындарды қайтаруды талап етеді. Еділ бастаған ғұн әскері 447 ж. Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопила мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым-салық төлей бастайды.

Дунай үстінен көпір салынған кезде Еділдің жерленген жері табылды, ол Еділ қағанның моласы болуы мүмкін деген хабар берілді. Еділ билік басында болған он тоғыз жыл ішінде Ғұн империясы аумағын бірнеше есеге үлкейтеді. Ірі империя құра алғандығы үшін Еділ қаған шығыстың ұлы жауынгер ұлдарының бірі ретінде тарихқа енді. Содан да болар, батыстың тарихшылары оның есімін «адамзат тарихындағы ұлы адамдар» Ескендір Зұлқарнайын мен Юлий Цезарь есімдерімен қатар атайды.

Прииск Риммен шыққан елшіліктің тілмашы ретінде Атилла еліне келіп, өзінің көргендірі туралы жазып қалдырған. Ол 448 жылы Атилланың сарайында болды: «Бір көрген адам оны нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды».

   Ал Аттиланың замандасы былай деп жазды: «Аттила таңертең уйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады, күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады. Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал кешке бізбен бірге ағаш ыдыстан ішті.»

А.Марцеллин олардың жауынгерлігін ерекше атаған: «Ертелі-кеш ат үстінен түспейді. Кеңесті де ат үстінде өткізеді..»

Аттила туралы еңбектер 6 ғасырдан бастап әлі күнге дейін неміс, француз, итальян тілінде жазылып келеді. Италияның атақты композиторы Дж. Верди «Аттила» операсын жазды. Волга өзені оның есімімен аталған. Еділ қаған «Нибелунгтар туралы жыр» атты белгілі германдық эпосының басты кейіпкері.

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси биліктің сипаты мен ерекшеліктері.

1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41.285 әскери адамды құрады. Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты.

». өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.

Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.

1917 ж «Қара жұмысқа» алынған жұмысшыларды елге қайтару туралы шешім қабылданды. Бұрынғы реквицияланған жұмысшылар 1917 ж шілдеде «Қара жұмысшылар одағын» құрды. Жетекшісі – Бабаев. Сол жылы Сергиопольде 800 майдангер «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы» құр. Спасскта «Жар жүрек», Петропавлда «Талап», «Жас арбакештер одағы». 1917 ж Т.Рысқұлов Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағын» құрды. Ақмолада «Жас қазақ»(Сейфуллин). Кадеттер Семейде «Свободная речь» газетін шығарды. 1917 ж көктемде эсерлер құр. Ұрандары: «Жер оны өндейтіндерге берілсін.»

Съездер: 1917 ж Бүкілресейлік мұсылмандар съезі, 1917 ж желтоқсан орынбордағы Жалпықазақ съезі өтті. Онда 250 моладының қарсылығына қарамастан, «Мұсылмандар әйелдері саяси құқықтары жағынан да, азаматтық құқықтары жағынан да еркектермен тең болуға тиіс» деген қарар қабылданып, көпәйел алушылық пен қалыңмалға қарсы шықты (8 сағат-қ жұмыс күнін енгізу, ана тілінде міндетті және тегін жалпыға бірдей бастауыш білім білімді енгізу туралы айтылды). 1917 ж наурыз, сәуір «Алаш» партиясының облыстық, уездік съездері. 1917 жылы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы – Түркістан федералистер партиясы құрылды.

1917 ж Алашорда 25 адамнан тұратын Уақытша кеңес құрды. Олардың 10ы орыс. Олардың уақытша орналасқан қаласы Семей қаласы болды. Партия бағдарламасы 1917 жылғы съезде қабылданды(10 бөлім). Баспасөз органы — «Қазақ» газеті. Сайлау кезінде Алашты Жетісуда 57,5 Семейде 85,6 Торғай мен Оралда 75 пайыз дауыс берді. Бірақ 1920 ж 9 наурызында Алаш партия таратылды.

Қазақстанда кеңестер 1917 қазанда Перовскіде, қарашада Әулиеата мен Черняевта, желтоқсанда Қостанайда, 1918 ж қаңтарлы Оралда, Ырғыз беп Торғайда, Павлодарда, 16-17 ақпанда Семейде, наурызда Жетісуда орнады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды.Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.

Суреткеқарапотырып, оқиғаны сипаттаңыз.

1961 жылдың 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа Юрий Гагарин ұшты. КСРО ғалымдарының жетістігі АҚШ-та наразылық тударды. Сол себептен олар 1962 жылы Айға алғашқы адамды жіберді. Бұл күн де тарихта маңызда оқиға болып есептелінеді. Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры.

Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.

Арал өңіріндегі экологияның күрт шиеленісуіне де «Байқоңыр» космодромы да үлкен әсерин тигізді. «Байқоңыр» космодромы 1957 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Оның төңірегі 180 мың га аймақты шаруашылық жағынан іске жарамсыз етті. Ауаға гептил тарай бастады.

17-билет

Қазақстандағы этно — саяси бірлестіктердің қалыптасуы.

Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.

1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.

 

1919-20 жылдары Орынборда, Қызылордада, Семейде ағарту институттары ашылды, мысалы 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейінірек Ортаазиялық университет).

 

1930 жылы Қазақ ауыл-шаруашылық институты ашылды.

Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924 ж.), Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926 ж.), қалаларда тәжірибелік егістіктер мен станциялар құрылды. Денсаулық сақтау халкомының қасынан 1925 ж. Санитария-бактериологиялық институт ашылды.

­тырылды. Мысалы: Орал-Ембі физикалық-химиялық экспедициясы, Алакөл экспедициясы, Мұғалжар био және физикалық-географиялық экспедициясы және т.б.

басты міндеті — саяси плакаттар шығаруға арналған көркемөнер шеберханалары ашылды.

 

Жауаптары:

Қазақстандағы этно — саяси бірлестіктердің қалыптасуы.

Сонымен Алтайдан Еділге дейін, Оңтүстік Сібірден Сырдарияға дейінгі кең-байтақ қазақ жерінде өмір тек антропологиялық ұқсастығы ғана күшейіп қоймай, этникалық жағынан да байланыстары дами түсті. 

Б.з.VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалады. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір түтас мемлекет – Түркі мемлекеттерінің құрамына кірді. Осы мемлекттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекттік дін ретінде қабылдаған. 2) Қыпшақ хандығы (ХІ – ХІІІ ғғ.) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі – әдеби қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән ретінде маңызды рөл атқарды, «Қазақ» сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен еткен аймақтарда пайда болды.

Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғанымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол – шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпіна, салт-санасына көшіп XV ғ. толық түркіленіп кетеді.

Осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандар (қарақытайлардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлады. ХІІІ ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда монғол шапқыншылығы басталады, сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқталады. Халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдейді.

Этносаяси қауымдастық деп белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтамыз. Олар әлі халықтық дәрежеге жетпеген, жеке-жеке ру-тайпалар бірлестігінен құрылған.

XV ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы тілі жағынан, түр-тұрпаты, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, салт-санасы жақтарынан бір-біріне ұқсас болған. Олар «92 баулы өзбектер» шежіресі бойынша, 92 тайпадан тұрған. Мәселен, олардың ішінде қазақ халқының құрамына атақты қыпшақ, найман, үйсін, қоңырат, қарлұқ, керей, тағы басқа тайпалар кіргенсүрген ру-тайпалардың

Түрік дәуірі.

ХІ – ХІІІ ғасырдың басы

XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.

1428 – 1468 жж.

(1465-66 жылдар құрылған)

 

 

 

 

Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.

тармағынан.

атанды.

бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды.

1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды.

қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.

өңірлерін азат етті.

қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға атсалысты, Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысты.

іргесінде ескерткіш-монумент орнатылған.

мәселесін шешудің шегі болды. Бұл сөзден кейін ешқайсысы ашық шығып сөйлей алмады. Қазақ жасағының басшысы болып Бөгенбай сайланды.

арғы жағына қуылған болатын.

Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.

қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.

18-билет

Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.

уға арналған кестені толтырыңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.

Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың басты зардабы шаруалар көтерілісі болды. Біреу білер біреу білмес бірақ күшпен ұжымдастырудың зардабы орасан болғаны анық.

Жауаптары:

 

Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.

толассыз қуалап, болдыртып, жарға, тау шатқалдарына қаумалап ұстаған.

болып аң аулауда отпен үркітіп терең орға түсіру, биік құздан құлату тәсілдерін пайдаланды. Алайда, ежелгі адамдардың тіршілігі өте қиын жағдайда болуға байланысты олар ұзақ жылдар бойы табиғат құбылыстарын мұқият зерттеген. Бұған олар жасаған еңбек құралдары дәлел болады.

. Адамдар отпен қорқытып, үңгір аюлары мен арыстандарын қуып шықты. Олар аң терілерін төсеніш етіп, жыртқыш аңдар жоламас үшін үңгір аузына от жағып қойған. Ежелгі адамдар найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып, оны өшірмей, ұзақ сақтауға тырысты. Олар жанған отты жанын сала қорғады, өйткені отты өшіріп алу зор қауіп төндірді, тіпті бүкіл тобырдың қырылып қалуы мүмкін еді. Осындай қиыншылықтарға қарсы күресе жүріп олар даму үстінде болды. Адамдар тастан шыққан ұшқынға, ағашты бір-біріне үйкелеп қыздырған ұсақ жаңқаға жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені тұтату арқылы отты өзі жағуды үйренді. От жағуды үйрену адамдарды кездейсоқ табылған отқа тәуелді болудан құтқарды. Отпен адамдар жылынып, жыртқыш аңдардан қорғанды, ас пісіріп жеуге мүмкіндік туды. Археологтар ұзақ уақыт бойы жанып тұрған от орындарын тапқан.

Алғашқы тастан жасалған еңбек құралдары

Ұзақ жылдар өтсе де өмір сүрудің адамдар жинақтаған тәжірибесі кейінгі ұрпаққа жалғасты. Алғашқы еңбек құралдарын жасауды үйрену адам қолының жетілуімен қатар миының да дамуына әсер етті. Уақыт өткен сайын адам қабілеті жетіліп, өз білгенін бір-біріне үйрете бастады. Ежелгі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы – еңбек құралын жасай білуінде. Еңбек құралын жасауды игеру адамды жануарлар дүниесінен бөліп шығарып, күш-қуаты мен шапшаңдығын еселеп арттырды. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалған. Олар құрал жасауда көбіне бір жағы сүйірленіп келген, ал екінші жағы қолға ұстауға ыңғайлы жұмыр тастарды пайдаланды. Оларды жарып, бөлшектеп, жүзі өткірлерін алған. Алғаш олар қатты тас сынығын тауып алып, екінші таспен ұрып бір жақ шетін жұқалап сындырды. Бұл салмақты қарабайыр кескіш құрал чоппер, яғни тас шапқы деп аталады. Жүзі тегіс болып шықпаса да, онымен жер қазуға, ағаш кесуге, аң етін мүшелеуге болатын еді. Алғашқы адамдар тастың көптеген түрлерінің ішінен шақпақ тасты таңдап ала білді. Бұл адам ой-өрісінің едәуір өскендігін көрсетеді. Өйткені шақпақ тас өте берік, ұрған кезде жалпақ әрі үшкір бөліктерге бөлініп, тез өңделген. Уақыт өткен сайын адамдар еңбек құралдарын жетілдіре түсті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар және қол қашауы жасалды. Қол қашауын жасау үшін шақпақ тасты екі жағынан қашап, белгілі бір пішінге келтіріп, таяққа бекітті. Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 килограмға дейін жетті. Уақыт өткен сайын адамдар тастан ұсақ әрі жұқа құралдарды жасап шығарды. Нәтижесінде ауланған аңдардың терісін сыдыратын пышақ тәрізді кескіштер мен тесуге арналған тас құралдар пайда болды. Адамдар сүйектен ине мен біз жасаған. Тасты, ағаш пен теріні өңдеу барысында адамның қолы жетіле түсті. Әсіресе ауыр найза мен жіңішке инені ұстау үшін бас бармақтың қызметі аса қажет еді. Тас өңдеуде адамдар шетінен бастап, ортасына қарай жару әдісін пайдаланды. Жару үшін тастан, сүйектен және мүйізден жасалған сыналар қолданылған. Жарылған тастың қолға ұстайтын жерінің айналасы теңіз шаянының қабыршағына ұқсас кедір-бұдыр жарықшақты болып келеді. Ұрып сындырған кезде жаңқаланған тас жарықшақтарының ұшы үшкір болған. Тастың үшкір жағын өткірлеу үшін екі жағынан басқа таспен қашады. Қолға ұстауға ыңғайлы болса адамдар тас сынығын қару есебінде пайдаланған. Ежелгі адамдарда қарудың аса оңтайлы, кең тараған түрі — қол шапқы болды. Әлемнің әр жерінен табылған қол шапқылардың аздаған айырмашылықтары болмаса, бір-біріне өте ұқсас. Олардың пішіндері «найза ұшы» немесе «бадам дәні» тәрізді болған. Ұзындығы 10-20 см, салмағы жарты немесе екі келідей болады. Шапқыға ұқсас қаруды XIX ғасырға дейін Тасмания аралындағы тайпалар пайдаланып келді. Бұл қаруды балта ретінде пайдаланған тасманиялықтар онымен ағаш діңгегін ойып, сол арқылы жоғарыға оңай өрмелеп шыққан.

 

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.

қоғамы құрылды. Ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс жүргізді. 1926 жылғы мамырда Халық Комиссарлар Кеңесі “Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын” қабылдады. Үш жылдық жəне төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту бағыты ұсталды. Қыздарға арналған мектептер Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Ордада ашылды. 1931 жылғы желтоқсанда “15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті сауат ашу” енгізілді. Ұлы Отан соғысы алдында еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою аяқталды.

1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылдың көктемінде көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді. Барлық жерде жалпыға бірдей білім беру жөніндегі қоғамдық қорлар құрылды. Білім беру ісіне қамқорлық жасауды Қазақстан комсомолы мойнына алды. Ұлттық зиялы қауым қайраткерлері ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға кірісті. 1920-жылдардың ортасында республикада татар, өзбек, ұйғыр, неміс жəне эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді.

1930-1932 жылдардағы аштық салдарынан балалар саны күрт азайып, жетімдер көбейді. 1932 жылдың күзінде балалар үйлеріне 68 мың бала орналастырылды. Ұжымшарлар мен кеңшарлардың қаржысына салынған интернаттар желісі ұлғайды. Мұғалімдер саны артты.

Соғыс қарсаңында жүздеген мұғалімдер ордендермен және медальдармен марапатталды. “Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі” атағын алғаш алған ұстаздар – С.Көбеев, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев, Л.И.Добранская, Н.В.Волков т.б.

Қазақ кен-металлургия институтының ашылуы республикада инженер-техник кадрларын даярлаудың негізін қалады. Кейіннен Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер инстуттары ашылып, олар педагогика институттары болып қайта құрылды.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды. Алайда ғылыми-техникалық кадрлар жетіспеу мәселесі шешімін таппады. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқыту барысы республиканың шикізат қоры сипатын аңғартты. Жоғары оқу орындарында қазақ жастарының аздығы сезіліп тұрды. 1930 жылдары өзге республикалардың жоғарғы оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық оқыды. Республиканың жоғары білім жүйесінің қалыптасуына көмек көрсеткен қайраткерлер – С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Əуезов, Қ.Жұбанов.

1920-1930 жылдар Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі. Өлкенің тарихы, этнологиясы, экономикасы зерттеле бастады жəне жаратылыстану ғылымының ірі орталықтары пайда болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Оның жұмысына С.Асфендияров, А.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Жолдыбаев, А.Чулошников, А.Якубовский белсене қатысты. Қоғамдық бөлімшелер Петропавл, Көкшетау, Орал, Орда қалаларында жұмыс істеді. Қазақша жазу жетілдірілді, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар құрастырылды, қазақ халқының тарихы, этнологиясы жөнінде еңбектер басып шығарылды.

1926 жылы М.Массон ежелгі Тараз қаласының орнына қазба жұмыстарын жүргізді. 1926-1927 жылдары КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы Қазақстанда статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ащысай қорғасын кеніші, Қарағанды және Екібастұз көмір кеніші, Ембі мұнайлы ауданы зерттелді.

1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы филиалы құрылды. Алғашқыда оның құрамында зоология жəне ботаника секторлары, Алматыдағы Ботаника бағы болды. 1935 жылы геология жəне тарих секторлары құрылды. Кейін Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты қосылды.

Қазақстандағы ғылыми дамудың негізгі бағыттарын белгілеуге КСРО Ғылым академиясының президенттері С.Вавилов, В.Комаров, Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик А.Самойлович, геолог-ғалым, академик А.Архангельский белсене қатысты. Қазақстан ғылымының дамуына Қ.Сәтбаев зор үлес қосты.

1-бөлімі жарыққа шықты. 1920-1930 жылдары С.Сейфуллин, С.Мұқанов, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов қазақ тіл білімі мен əдебиеттану мəселесі жөнінде еңбек жазды.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында 57 ғылыми мекемеде 1700-ден астам ғалым еңбек еткен.

 

 

19-билет

Жауаптары:

«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.

1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).

2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

3-жарғы .Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).

4-жарғы.Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен,неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).

5-жарғы.Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).

6-жарғы.Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7-жарғы.Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820-шы жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы ( 34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан, бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.

бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.

Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді.

«Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану.

тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.

«Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.

 

1917 жылғы шілдедегі І жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.

1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ…».

Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.

Алаш партиясының бағдарламасы

Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Әлеуметтік қатынаста феодалдық ақсүйектер құқын шектеу, таптық жіктелуді жеделдету мәселесі қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттык тұтастық бағытына басымдылық берілді. «Алаш партиясы ғаділдікке жақ, халі нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды» деп көрсетілді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен салынады, …бар жұмысшылар заң панасында болады».

«Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.

Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару токтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады.

М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.

/3, 152 б./, – деп жазды. Саяси өмірде бүкіл жергілікті билік отаршыл әкімшіліктің қолына ауысты. Ресей империализмі мұнда біржола орналасу әрекетіне көшті, яғни ішкі ресейлік губерниялардан қоныс аударып келген орыс және басқа европалықтардан біртіндеп сандық тұрғыдан Түркістан халқының басым бөлігін құрып орыс билігінің жергілікті тірегіне айналуға тиіс болды. Ал түркістандықтар әлемдік өркениеттен тыс қалған «түземдіктер» есебінде өзінің «қарабайыр» өмір салтынан, тіршілігінен бас тартып, орыстану жолына түсуі керек еді. Бүкіл ақпа- раттық құралдарды қолына шоғырландырған метрополия еуро- палық қауымдастықтың көз алдында Түркістанның жергілікті жұрты жөнінде жаңа техника мен технологияны, қоғамдық қатынастар мен мәдениетті қабылдауға құлықсыз, оған қарсы «түземдіктердің» бейнесін жасап, ал өзін тіптен мұнда, яғни Түркістанға еуропалық өркениетпен өмір салтын әкеліп енгізуші етіп көрсетуге тырысты. Ежелгі замандардан әлемдік орталықтармен тікелей байланыста болып келген Түркістан енді басқа батыс және шығыс елдерімен тек Ресей арқылы ғана қатынаса алатын еді. Енді ғана өнеркәсіптік даму жолына түскен Ресей болса Түркістанды тек арзан шикізат көзі және өзі өндірген тауарларды өткізетін рынок деп білді. Міне, осындай жағдайда Түркістан 1917 жылғы төңкерістерге жетті. Патшалық биліктің құлауы, оның артын ала 1917 жылдың соңында орнаған кеңестік билік, оның отаршылдық мазмұндағы 28 алғашқы аяқ алысы «бүтін Түркістан» идеясының осы тарихи ке- зеңдегі көрінісіне тән мынадай ерекшеліктерін атап айтқан жөн. XX ғасырдың басы жеке түркі халықтарының өздерінің дер- бес ұлттық мемлекетін құруға ұмтылушылығымен сипатталады. Мұндай тенденция, мәселен, қазақ, татар, башқұрт жэне басқа халықтардың зиялыларының саяси қызметінен анық байқалды. «Алашорда» мен «Еркін Башқортостан» соның көрінісі болатын. Жеке түркі халықтарының дербес мемлекеттікке ұмтылуы олар- дың бірнеше ғасырлық жетілуінің нәтижесі болатын, сондықтан да табиғи құбылыс есебінде қабылдануға толық құқылы. Дегенмен бұл жағдай «бүтін Түркістан» идеясының жаңа сапа- да қайта жаңғыруына кедергі бола алған жоқ. XX ғасырдың алғашқы ширегінде бұл идея, біріншіден, түркі зиялыларының екі буынының (патшалық билік тұсында қалыптасқан және кеңестік билікке тартылған зиялылардың) бірдей қызметіне арқау болса, екіншіден, сол бұрынғыдай кең географиялық ауқымда көрініп, яғни батысын- да Еділ мен Жайықтан бастап, шығысында қазақ даласы мен қырғыз Алатауы аралығындағы түркі жұрттарын түгел қамтыды. XX ғасырдың басындағы жалпытүркілік азаттық идеясының күш алуына татар (қырымдық және қазандық) және башқұрт халықта- рының зиялылары біраз еңбек етті. Бұл табиғи құбылыс болатын. Өйткені орыстық отарлық езгінің ең алдымен басынан өткерген, сон- дықтан да онымен күрестің бағасын терең ұғынған және осы жолда біраз тәжірибе жинаған да осы халықтар еді. Исмаил Гаспирин-скийдің «Тәржіман», Фатих Каримовтың «Уақыт» газеттері, татар зиялылары ұйымдастырған баспаханалар, олар бастап берген жаңа әдістік оқыту жүйесі белгілі дәрежеде жалпытүркілік азаттық идеясының қайта жаң- ғыруына қызмет жасады. Зеки Велиди Тоған өзінің естеліктерінде 1905-1907 жылдары белгілі ақсүйек сұлтан ұрпақтары Галиасқар Сыртланов пен Сәлімгерей Жантөриннің ресейлік түркілердің «территориялық автономия» құқы үшін күресіне қолдау жасап, со- лардың көмегімен Габдрашид-Қазый Ибрагимовтың «Автономия» деген кітапша бастырып шығарғандығын айтады /13/. Осы сияқты әрекеттерге кейіннен бүкіл ресейлік түркі зиялыларының арасында үлкен беделге ие болған федералистер қозғалысына ұласты. Дегенмен, XX ғасырдың бас кезіндегі ресейлік түркілік азаттық қозғалыстың болмысы бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда анағұр- лым күрделене түскендігін мойындау керек. Басқаша айтқанда, ол көзқарастық тұрғыдан тек бір бағытқа бет бұрған қолдаушылардан тұрмайтын. Империя көлемін түгелдей қамтыған түрлі саяси ағымдар түркі халықтарының азаттық қозғалысына да өз ықпалын тигізуге ты- рысты. Олардың арасында кадеттер партиясы, социал-демократтар, 29 дін үшін қозғалыс және басқалары бар еді. Осы тарихи кезеңдегі азаттық үшін күрес тәжірибесін таразылаған Мұстафа Шоқай оның мынадай үш кемшілігін көлденең тартады. Олар: біріншіден, түркі елі зиялыларының орыс революцияшыл демократтарына сеніп, оған арқа сүйеу арқылы бостандық алудан үміттенуі; екіншіден, ендігі бір топтағылардың «саяси табысқа дұға арқылы жететініне» сенгендігі; үшіншіден, бұларға қосымша қозғалыс басшыларында са- яси кемелдіктің жетіспегендігі, жалпы қозғалыстың басын біріктірер ортақ бағдарламаның болмауы, өзара түсінісе алмаушылықтың етек алуы еді.

20-билет

Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны.

 оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жерде орналасқан. Бұл қорымнан 40-тан астам обалар табылған. Ішіндегі ең үлкенінің биіктігі 9 метр. Қазіргі кезде обаның тас үйінділері құлап, аласарып қалған. Бұл обаға жерленген адам жер бетінен 6-7 метр тереңдікте жатыр. Қабір іші қарағаймен қаланып, мәйіт астау-саркофагқа салынған. Қабір жанынан 16 аттың қаңқасы шықты. Аттар әр қатарда 4 аттан 4 қатар болып орналастырылған. Обаға аттармен қоса ер-тұрман да қоса көмілген. Ат әбзелдері алтынмен апталған. Берел обасында тайпа көсемі, ру ақсақалы, ерекше беделді адам, бай немесе батыр жерленген болуы керек.

Берелдің кіші обаларынан бөренеден қиыстырып жасаған сандықшаға жерленген адамдар да табылды. Адаммен қоса бұл обаларға аттары да бірге көмілген.

Берел мәдениетінің ерекшелігі – жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы.ыжыс жасаудың екі түрі бар: 1. Мойны қусырылып, кейде тік болып келетін құмыралар. 2. Жатаған, жайпақ көзелер.

Берел кезеңінің соңында қола заттар азайып, темірден жасалған заттар көбейді. 1998-1999 жылдары археолог-ғалым З.Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары кезінде №11 –оба толық ашылып, ғаламат олжа ашылды. Оба үйіндісі сопақша болып, оның төбесі төмен қарай ойысып, шөгіп кеткен. Қорым шұңқырынан тік төртбұрышты етіп қиюлыстыра жасалған қима, қабір табылды. Онда үлкен балқарағайдан ойылып жасалған астау табыт

қойылды. Астау табытқа 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйел жерленген. Бұл мәйіттер радиологиялық әдіспен б.з.б.294 жылы жерленгенін анықтады. Мәйіттер салт-салтанатпен жерленген. Мәйіт киімі інжу-моншаұтар мен алтын жапырақшалармен әшекейленген.

Обадан 13 жирен жылқы табылған. Сәйгүліктердің ат-әбзелдері ғана емес, жылқылардың терісі, жүні мен еті тұтастай сол күйінде сақталған. Тіпті жылқылардың ішкі құрылысы мен қарнындағы жеген жем-шөбіне дейін бұзылмаған. Әр жылқының кекілінен құйрығына дейін алтынмен апталып, күміспен күптелген таң ғажайып, сән-салтанатты безендірілген әбзелдері бар. Бұл аттардың біреуінің басында таутекенің ағаштан жасалған мүйіздерімен әшекейленген тері маска болған. Масканың біреуі мысық тұқымдас жыртқыш тұрпатты, құс тұмсықты, ирек мүйізді және қанаты бар құбжық- барыс тектес самұрықтың көлемді мүсінімен безендірілген.

 

Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.

 Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды.

Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды.

Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).

1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты.

Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды.

1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация « Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.

Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы — 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.

Ереуілге шығу себептері:

Жалақының аздығы.

Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері.

Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы.

Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған «Орыс – қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды:

-Азық – түлік бағысын төмендету.

-Жалақыны 15, 25% — ға көтеру.

-Үш сыныптық орыс – қазақ училищесін ашу.

-Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту.

-Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы жұмыстан шығару.

 

баға беріңіз

 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

 

21-билет

.

Әлихан Бөкейханов(1869-1937 ж.,Шыңғысхан ұрпағы,Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері,бұрынғы кадет партиясының мүшесі). Мүшелері:А.Байтұрсынов,М.Дулатов,Ш.Құдайбердиев,М.Тынышпаев,Ғ.Қарашаев,С.Торайғыров,Х.Ғаббасов,Ә.Ермеков,ағайынды Досмұхамедовтар.

Реформистік капитализм жолы.Ақиқат жағында болды. Социал-демократтардың меньшевиктік тобының бағдарламасын қолдады.

Отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі басқару құқығын баянды ету.

басында қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ халқының этникалық жағынан шоғырлануын күшейте түседі.Оның этникалық аумағы да кеңейеді. Жәнібек пен Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқы кезде «өзбек-қазақтар» деп аталды.Өзбек деген атау біртіндеп қалады да,қазақ деген атау тұрақтанып,қазақ халқының этникалық атына айналды.Ал «өзбек» атауы тағылған Орта Азияға ауған ру-тайпалар өзбек халқын құрайды.Сөйтіп «өзбек-қазақ» атанып жүрген өзбек хандығы кезіндегі этносаяси бірлестіктен туыстас екі халық құрылған. «Қазақ» сөзінің шығу төркіні туралы алуан түрлі ғылыми болжамдар мен көзқарастар бар. Бірақ әліде нақтылы,толық дәлелденген пікір айтыла қойған жоқ. Қазақ деген атау «Орхон-Енисей» жазбаларындағы «қазғақ-оғлұм» деген сөздегі «ғ» әрпінің түсіп қалуы нәтижесінде тұрақтанған.Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде қазақ сөзі «мықты, берік, алып» деген мағына береді. Египет мемлекетінің араб-қыпшақ сөздігінде қазақ сөзіне еркін, кезбе деген түсіндірме берген. Шығыс дешті-қыпшақта қазақ атуы 9-10 ғ.ғ. әлеуметтік мағынада қолданса, ал 11-12 ғ.ғ. осы аттас этникалық әлеуметтік топтардың болғандығы байқалады. 13 ғ. дейін бостандық сүйгіш, еркін адамдар деген мағына береді. XY ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы Әбілқайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ негізгі рөл халықтың қалыптасуында емес, оның қазіргі кездегі атауында болды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ, тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бұл үрдістің өтпелі сипатына «өзбек-қазақ» термині дәлел болады. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды. Қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.

Алаш сөзін қазақ халқының аңыз-әңгімелерінен жиі кездестіруге болады. Сондай аңыздардың бірі – «Алаша хан». аңызда қазақ халқының, қазақ жүздерінің п.б. туралы да аитылады. Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты. Жүз ұғымының пайда болуы туралы түрлі пікірлер бар. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне қоныстанды. Қазақ халқы мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі шаруашылық аймақ пайда болды. Жүздердің құрылуы туралы 3 пікір аитылады: жүз санына байланысты; әскери-тайпалық басқарудың үштік –оң қанат, сол қанат, орта қанат болып басқару жүйесімен байланыстырады; шаруашылыққа байланысты табиғи-географиялық жағдаймен қарастырылады. Үш жүз аңызында Таңбалы нұра деген жерге қазақ халқының құрамына енген ру тайпалар бір жартасқа өздерінің ен-таңбаларын салады. Ш.Уәлиханов былай деген: «Қазақ жүздерінің құрылуы себебі, олар көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ қазақ жүздері».

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.

XIX ғ. 60-жылдары Қазақстанда бастауыш мектептердің ашылуы Ы. Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. 1867–1868 жылдардағы реформалардан кейін мұндай мектептер Қазақ өлкесінің көптеген аймақтарында жұмыс істей бастады. 1868–1869 жылдарды Орал облысында 24 орыс-қазақ мектебі, 2 екі сыныптық, 6 селолық 1 сыныптық, 14 жоғары сыныптық мектеп және 2 жекеше училище болды. 1877 жылға қарай Орал казак әскерінің 47 мектебінің бесеуі қыздар мектебі еді. Облыста 70-жылдардың басынан бастап мектеп ісі едәуір жандана түсті. Ер балалар және қыздар гимназиялары мен прогимназиялары, мұғалімдер даярлайтын семинария, ер балалар оқитын уездік приход училищелері, округтік әскери училище, станицалық және басқа да оқу орындары ашылды. 1883 жылы қазақ балаларын оқытуға арналған ер балалар интернаты облыс орталығы Семейде, уездік қалалар Павлодарда, Өскемен мен Зайсанда жұмыс істеді, ал қазақ қыздарын оқытуға арналған интернаттар Семей мен Павлодарда ғана болды. Сырдария облысындағы орыстарға арналған алғашқы мектептер 1860 жылы Райым (Қазалы) бекінісінде және Перовскіде (Қызылорда) ашылды. Жетісу облысының аумағында алғашқы мектептер 1868 жылдан бастап ашыла бастады. Верный және Қапал бекіністерінде приход мектептері құрылды. Облыстың қалған уездерінде 12 станицалық және поселкелік бастауыш мектеп болған еді.

XIX ғ. Екінші жартысында болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептері мен медреселерде оқыды. Патша үкіметі Қазақ даласында мұсылман мектептерінің ашылуына жол бермеу үшін шаралар қолданды. Ол жергілікті отарлық органдар мен оқу бастықтарына мұсылман мектептерін қатаң бақылау жөнінде нұсқаулар мен ережелер жіберді. Қандай да болмасын шектеулерге қарамастан жер-жерде, әсіресе Қазақстанның ислам дінінің ықпалы күшті болған оңтүстік облыстарында мұсылман мектептері ашыла берді. Қазақ балалары жаздыгүні киіз үйлерде, ал қыстыгүні жертөлелерде оқытылатын. Бұл кезеңнің оқу құралы «Шариат-ул-иман» немесе «Иман-шарт» болды. Құран оқумен бірге, татар және араб тілдеріндегі кітаптар бойынша исламның негізгі қағидалары мен басты ғұрыптық ережелер оқытылды. Мектептерде көбінесе 8–17 жасқа дейінгі балалар білім алды. Медреселерде мектепте білім алған және өз білімін тереңдетуге тілек білдірген адамдар оқыды. Медресеге түскендер «талиб-улам» (білімге ұмтылушылар) немесе шәкірттер деп аталды. Олар Орта Азияға және Еділ татарларына жалпы белгілі оқулықтар мен оқу құралдары бойынша араб филологиясын және мұсылман діні құқығын, сондай-ақ діни философияға қатысты басқа да бірқатар пәндерді оқыды. Медреселердің «мұғалімдеріне» келетін болсақ, олар негізінен алғанда дін жолын ұстанушылардың ұсынысы бойынша тиісті үкіметтік органдар бекітіп, тағайындаған молдалар болды. Бұл молдалар мешіттерде діни қызмет атқара жүріп, медреселердегі істерді басқарды және шәкірттерді оқытумен айналысты.

XIX ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қатарлы орыс зиялылары үлкен ықпал жасады. 1847–1857 жылдарда украин ақыны Т. Г. Шевченко Қазақстанда айдауда болды. Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің зерттеу обьектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып, ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығармашылығы және құқықтық заңдар, соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылыс жасап, балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға деген жаппай ұмтылыс пен ықылас жағдайында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушыларының тобы қалыптасты.

 

22-билет

«Ресей халықтарының бөлініп,дербес мемлекет құруына дейінгі ерікті өзін-өзі билеу құқығы» танылатыны жазылды

 

Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.

Наймандар.

І ғасырдағы жазба деректерде сегіз тайпа бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралағында өмір сүрген. Монғолияда «найман» сөзі «сегіз тайпа» дегенді білдіреді. ХІІ ғасырдың екінші жартысында Найман мемлекеті құрылды. Орталығы-Балықты қаласы. Тайпалардың басқару жүйесі – хандық билік. Найман ханы- Наркеш Дайын (1160-1203ж.ж) кезіңде мемлекет дами бастайды. Ханның інісі – Инанч-білге өзінің қаділеттілігімен көзге түсті: Халықты өз төнірегіне топтастыра білді, елде өнерді дамытты, халықты күнкөріс- тіршілігіне баулыды, бейбіт өмір салтына үйретті. Сондықтан халық оған Білге хан деген атақ берді. Білге хан дүниеден қайтқаннан кейін оның екі ұлы Бұйрық хан мен Даян хандар арасында билік үшін талас басталады. Хандық екіге бөлінеді: Даян хан – Далалық өлкеде билік етсе, Бұйрық хан- Алтайдың кара Ертісіндегі Орунгу маның мекендейді. Наймандардын әлсіреуін күткен монғол ханы Шынғыс хан, керейіттер ханы Ван шабуыл жасап, Бұйрықты жеңеді. Хан Енисий қырғыздарына қарай қашады. Шынғыс ханның күшейіп келе жатқанынан қорыққан қырғыз, меркіт, найман т.б тайпалар 1201 жылы құрылтай жинайды. Мемлекеттің әлсіреуі: Бұйрық хан – Алтайдың оңтүстігіне жылжиды. Даян – Көксу бастаған әскерін Ван ханға қарсы аттандырады. Мұны естіген монғол ханы 1204 жылы Даян ханға қарсы жорққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісу жеріне қашып кетеді.

Керейіттер-тайпаның аты Керлин (Керулен) өзенінің бойында қоныстанғандықтан керілер деп атаған. Жазба деректерде керілер тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Керейіттер батыс жағында наймандармен көршілес отырған ұйғырлармен тығыз қарым-қатынаста болды. ХІ ғасырдың екінші жартысында керейіт хандығының құрамына: керей, жиркин, қонкай, сақай, тутау, алабат, тунхай, қырқун атты сегіз тайпа кірген. Торы ханның жайлауы Талан, Дабан, Науыр, ал қыстауы Өткел өзені, Орман күрке, Төле, Қамысты, Құланды, Құлынөткел жерлері болған. Керей мемлекетінің шарықтау шегі Х –ХІІ ғасырлар аралығын қамтыды. Яғни Маркус пен оның баласы Құршақұз хандар кезіңде болды. Мемлекеттің орталығы қазіргі Улан-Батор қаласы жанындығы Хан Тәңірі тауының шығыс жағында- Битөбе. Кейін Орхон өзенінің бойындағы Қарақорым қаласына ауысады. Татарлар Торы мен шешесі Илма ханымды тұтқындайды, Құршақұздың күйеубаласы Сарық хандықты қолға алып, тұтқыннан босатып алады. Керейіттердің орталығы Қарақорым қаласына ауысады. Торының өгей әкесі Елжыйдой билікті өз қолына алмақшы болады, онысынан ештеңе шықпайды. ХІІ ғасырдың аяғында Долы өзенінен Завхан аймағындағы Қазақ тауына дейінгі улкен аймақты алып жатқан керейіт мемлекеті екі бөлікке бөлінеді. Монғолдың шежірелеріндегі деректерге қарағанда, керейіттер мен монғолдардың арғы аталары өзара бейбіт қарым –қатынаста болған. Алайда Керей билеушісі Торы мен Шынғыс хан арасындағы достық ұзаққа созылмады. 1202 жылы бұлар өзара жауласып, Шынғыс хан керейіттерді басып алады.

Жалайырлар-монғол шежірелеріндегі жалайыр тайпасының монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендерінің бойында және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүретіндігі айтылады. Жалайыр тайпасы 10 бөліктен тұрды. 1201 жылы Жамұқа Аргун өзенінің бойында құрылтайға шақырып, өзін «гурхан» жариялап, таққа отырған. Бұл жағдайды естіген Шынғыс хан кереіттер ханы Торымен одақ құрып, Жамұқаны жеңіп, жалайырларды қол астына қаратқан. Мұқылай – ақылды, шешен, батыр. Шынғыс ханның жарайыр тайпасының ішіндігі ең жақын адамы. Хан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін «күй үн чінсан тәйжі» деген атақ беріп, сол қанатының түменің басқартқан.

 

ғасырдың басындағы музыка өнері

Музыка мәдениеті — ХХ ғасыр басындағы халық мәдениетіндегі жан — жақты дамыған сала. Орынборда, Алматыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда, Оралда, Қостанайда және Қазақстанның басқа қалаларында клубтар, халық үйлері пайда болды. Қазақ және орыс тілдерінде хор, драма, әдебиет үйірмелері, халық театрлары ұйымдастырылды. Халықтық музыка зерттеле бастады. Этнограф және сазгер А.В. Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндерімен күйлерін жазыпп алып, «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтар жариялады. 1925 жылы КСРО халықтары шығармашылығының Парижде өткен дүние жүзілік қолданбалы өнер көрмесінің және 1927 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен дүниежүзілік музыка көрмесінің концерттеріне қатысқан қазақтың үздік әншісі Ә.Қашаубаев өзінің таңғажайып дарынымен Еуропаның талғампаз көрермендерін тәнті етті. 1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды. Театрды дарынды драмашы, режиссер Жұмат Шанин басқарды. 1932 жылы Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді. Кеңестік музыкатанушы ғалым Б.В. Асафьев «Қазақтың 1000 әні» еңбегі ғасыр мәдениетінің аса құнды ескерткіші деп бағаланды. 1922 жылы Қарқаралыда халық жыршылары бәйгесі өткізілді. Әншілер: Естайдың «Майдақоңыры» мен Динаның «Көңіл ашары», «Әскерге алу» күйлері шықты, Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні сүйіспеншіліктің өзіндік ән ұранына айналды, Мұхиттың «Зәуреші» нағыз «Ревкием» саналды.1934 жылы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды. 1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды. Әйгілі әнші Күләш Байсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді.

 

23-билет

 

Оңтүстік пен солтүстік

Өнеркәсіп орталықтары жақын болды.

Верный, Орал, Семей

біріккен котрреволюциялық күштер басым болды

 

Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».

 жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлұма ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан.

дүние.

Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежірелері, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар, қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ хандығының заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген.

 

ХІХ ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.

бөктеріне дейін жеткен. Соның нәтижесінде ол биік таудағы қар белдеуінің биіктігін, ондағы мұздықтарды анықтап, бүл тау жүйесінде жанартау құбылыстарының жоқтығын дәлелдеді. 

М.Красовский «Сібір Қырғыздарының облысы» еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді.

А.Н.Добросмыслев Қазақ жерлерінің Ресей Құрамына қосылу дəуірін толық зерттей келе, «Торғай облысы.Тарихи очерк» еңбегін жазды.

Т.Г.Шевченко 1847-1857ж. Қазақ өлкесінде айдауда болып, шығармаларын қазақ тақырыбына арнады «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ», «Байғұстар» суреттері жəне «Менің ойларым» өлеңі.

XIX ғ. аяғында В.Вельяминов-Зернов «XV-XVI ғ.ғ. Қазақ хандығы жəне XVIII ғасыр ортасындағы Кіші жүз тарихы» еңбегін жазды.

1830 жылы «Отечественные записи» журналында Б.С.Броновский «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды.Онда солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне егжей-тегжей құнды деректер берілген

А.И.Левшин «Қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты үш бөлімнен тұратын еңбегін жазды.Ол зерттеуде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы мәліметтер келтіреді.

Л.Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз ордасындағы орын алған қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтың әдет- ғұрыптары» деген қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын қарастырып басып шығарды.

Н.Н.Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі» атты еңбектер жазып қалдырды

Г.Н.Потанин қазақ ертегілеріне,наным-сенімдеріне,халық поэзиясының үлгілеріне, тарихы мен этнографиясына талдау жасаған мақалалар жазды. Қазақ өмірінен «Қазақ-қырғыз ұрпақтары туралы» ,« Қырғыз жәрменкесінде», «Қырғыздардың сауда-саттығы» ,« Шоңби», «Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында» басқа да мақалалар жариялады.

Ә.Диваев қазақтардың «Тазша бала», «Жалмауыз кемпір» ертегілерін жазып алды. «Қырғыздардың ауру-сырқаулары мен оларды емдеу тәсілдері», «Аспан денелері қырғыздардың көз қарасы бойынша» атты мақалалар жариялады

А.С.Пушкин Орал қаласында қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосының бір нұсқасын жазып алды

 

24-билет

Қазақстан және Жетісу мәдениеті

Оңтүстік Қазақстандағы, Аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезінің материалдық мәдениетін Оңтүстік Түгіскен 28 және Үйғарақ қорымдарының обаларынаң көруге болады. Салыну мерзімі б.з.б. 8-5 ғасырларға жатады. Обаларды қазу барысында сыртын жылтыратқан ұзын мойынды қыш ыдыстар, үш қырлы жебе, ат ауыздықтары, ер-тұрман әбзелдері көп табылған. Табылған алуан түрлі олжалар — кару, үй тұрмысына қажетті заттар және алуан түрлі сәндік заттар сақ-массагетгердің материалдық мәдениетінің деңгейін сипаттайды.

Археологтар Қызылорда қаласынан 300 шақырым жерден Шірік-Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал(цитадел) салынған. Археологтар цитадел орталығынан жебе ұштары, алтын қапсырамалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл заттар б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады.

Археологтар қазба жүргізген тағы бір қала- Бәбіш-Молда. Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған.

жоқ. Б. з. б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ «пирамидаларынан» боренелерден тұрғызылған ірі жерлеу кұрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері. Бесшатыр обасынан семсер ақинақтар, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар табылған.

Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың кабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. «Есік обасы» б.з.б 5-4 ғасырларға мерзімделеді. Оның диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалакша арқылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф- сақ кезіндегі «аң» стилінде орындалган. Есік кабірінен табылған күміс тостақанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы ықтимал. Есік обасындағы жерленге адам 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы.

«Аң стилі» б.з.б. 8 ғ бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде пайда болған. Әр түрлі бейнелермен, қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді. «Аң стилі» өнерімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой,түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жолбарыс, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.

 

Қазақ АКСР-інің Қазақ КСР-нен айырмашылығына талдау жасаңыз.

экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі ж/е өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді.

 

Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

1917 жылы қазан төңкерісінен кейін елдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты әрі қарай не істеу қажеттілігін анықтап алу үшін ұлттың интеллигенция басшылары — Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б. ұйымдастыруымен Орынборда 1917 жылдағы 5-13 желтоқсанда II Бүкіл қазақ съезі болды. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан өкілдер қатысты. Съезде: Сібір, Түркістан автономиясы және Оңтүстік- Шығыс одағы туралы, қазақ-қырғыз автономиясы, милиция, ұлт кеңесі, ұлт қазынасы, муфтилік мәселесі, халық соты, ауылды басқару және азық-түлік мәселелері қаралды. Елдегі саяси қиын кезеңде халықты аман сақтау үшін «уақытша халық кеңесі» түріндегі Алашорда үкіметін құрды. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алашорда үкіметінің төрағасы — Ә.Бөкейханов, ал астанасы – Семей қаласы болды. «Алаш» партиясы бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланды. Бағдарламаның 10 тарауында мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, дін ісі, сот, ел қорғау, салық, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі қамтылған. Таптық емес, ұлттық мүддені жоғары қойған «Алаш» партиясының белсенді саяси қайраткерлері – қазақты ұлттық дербес мемлекетке біріктіріп, ел еткісі келді. Сөйтіп, «Алаш» көшбасшысы — Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар – ұлттық идея, ұлттық тұтастық қана мемлекет қалыптастыруға апаратын тура жол екенін көрсетті. Алашорда үкіметі – 1917 жылдың желтоқсанынан – 1920 жылдың наурызына дейін ресми билік құрды. Сонымен қатар 1917 жылғы қарашадан – 1917 жылғы ақпан айы аралығында М.Шоқай басқарған Түркістан автономиясы өмір сүрді. М.Шоқай шетелге эмиграцияға кеткенмен Алаш қозғалысы 1939 жылға дейін «Жас Түркістан» журналы арқылы жалғастырды. М.Шоқайдың «Біз – құл болып тұра алмаймыз. Біз ұлт азаттығымызды аламыз» — деген сөзі барлық Алаш қайраткерлерінің ойымен үндеседі. Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің идеясын қуаттаған Күнбатыс Алашорда үкіметі – Ойыл уәлаятының уақытша үкіметі 1918 жылғы 18-21 мамыр күнінде құрылып, төрт айдай өмір сүріп, қыркүйек айында таратылды. Оның жетекшілері – Ж.Досмұхамедұлы, Х.Досмұхамедұлы, Д.Күсіпқали т.б. болды. Олар мемлекет құрылымын, шекарасын белгілеп құрамына 30 қазақ болыстарын кіргізіп, өзінің рәмізі жасыл түсті жарты ай белгісі бар туын көтеріп, Жымпитыда земство банкін ашып, өз ақшасын шығарып, өзінің әскерін құрады. Ресейлік үлгідегі Ойылда юнкерлер мектебін, Жымпитыда прапорщиктер мектебін ашады. Жанша Досмұхамедұлы мен Халел Досмұхамедұлы Орталық Алашорданың атынан Мәскеуге барып, В.И. Ленинмен және И.В. Сталинмен жүзбе-жүз кездесіп, алаш автономиясын мойындау жөнінде келіссөз жүргізгені белгілі. Ж.Досмұхамедұлы Мәскеудегі Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, ресей мұсылмандарының атқару органы – Шура-и-исламның шешімімен осы органның төрағасының орынбасары болып сайланды. Ол Санкт-Петербургтың көпшілік кітапханасындағы Құран Кәрімнің алғашқы, толық нұсқасын В.И. Лениннің тікелей араласуымен алып, Орынбор, Уфа арқылы Ташкентке жеткізеді. Алаш зиялылары қоғамдық-саяси өмірді европалық-демократиялық саяси құндылықтарға негіздеуді мақсат тұтқанымен түрік, ислам әлемінен де қол үзбеген. Қазақстанның оңтүстік өңірінен шыққан Түркістан автономиясының басшылары М.Тынышбаев, М.Шоқай бастаған зиялылар тобы 1917 жылы наурызда құрылған «Шура- и-ислами» партиясына да кіреді. Ислам дінінің Түркістанмен Орта Азияның жергілікті халқының санасына берік орныққанда партия оларды біріктіруші фактор ретінде таныды. Жалпы қазақ съездерінде мектептерде дін негіздерін оқытуды жақтаған алаш зиялыларының көрегендігін 1918-1920 жылы Алашорданың Торғайдағы әскери бөлімін басқарған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Сейдәзім Қадырбаев т.б. азамат соғысы кезінде елді, халықты аман алып қалуда қажырлы еңбек етті. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Р.Марсенов 1918 жылы Шәуешекке барады. Ондағы мақсат – аласапыранында үркіп, Қытайға көшіп кеткен елдің жағдайын білу, көнсе елге қайта көшіру және Алашорданың ауқымын сол жақтағы елге де ұлғайту болады.

25-билет

Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.

, Қызылқайнар. Біздің заманымыздың шебіндегі қорымдарда обалар жүйесіз орналасқан. Дөңгелек қаланғаны көрініп тұратын үйінділер саны азаяды, беті ағашпен жабылған шұнқырлар саны кемиді. Мола құрылысының жаңа үлгісі — бүйірінде ұңғымасы бар шұнқыр пайда болады, ол шұнқырдан және оның бір жақ қабырғасынан қабірдің түбі деңгейінде қазылып, жерленетін өлік койылатын ұңғыма лақаттан тұратын болды. Ұңғыма әдетте шұңқырдың солтүстік қабырғасынан қазылған.

Қабір қазудың тағы бір түрі — «ақымды» түрі пайда болады. Бүл — сырғауылдар мен бөренелерді көлбете қойып жасалған қалкамен бөлінген жерден қазылған шұңқыр. Қалқаның жоғарғы жағы шұңқырдың солтүстік қабырғасына, түбі оңтүстік қабырғасына тіреледі. Қабірге қыш ыдыстар бұрынғыдан гөрі көбірек — көбінесе алты-жеті ыдыс қойылатын болды, ыдыстың түрлері де өзгереді: оның түбі бұрын дөңгелек болса, енді жайпақ болып келетін болды.

 

Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.

, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөле қоймаған болатын. Жалпы, ХІХ ғ. 30-жылдарына дейін Ресей империясының “үлкен саясатынан” Орта Азия мәселесі де тыс қалды. Ресей ол тұста негізінен Түркия мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді.

, орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғандығы туралы заң жарияланды. Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс әскерлері мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яссауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың саны 3170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уәлиханов өзінің діндестері мен руластарына орыс әскерлерінің көрсеткен тағылық әрекеттеріне байланысты одан әрі жорыққа қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия тұрғындары қарсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бұл әрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық сипаты” деп мәлімдеді.

Осылайша, ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл территориясы ұзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды. 1867-68 жылдары Түркістан және Далалық өлкені басқару туралы “Уақытша Ереженің” қабылдануымен Орта Азия және Қазақстан Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды.

Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

 

1953 жылдың соңында тың игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты. Жарамды жерлері мол Оралмен, Сібірмен қатар Қазақстан да аталып жүрді. Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып П.К.Пономаренко сайланды, ал оның орынбасарлығына біраз уақыттан кейін Л.И.Брежнев болды. Тың және тыңайған жердерді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктемінде қабылданды. Онда 1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егісі аумағын 13 млн га-ға арттыру, ол жерлерден 1100-1200 млн пұт астық, соның ішінде, 800-900 млн пұт тауарлы астық алу көзделді. Қазақстандықтар тың игеру жөніндегі бұл шешімді қуанышпен қарсы алып, белсене қатысты. КСРО-ның алыс түкпірлерінен адамдар ағылып келе бастады. Осылай, тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға 640 мың адам келді, бірақ олардың 150 мыңы ауыл шаруашылығының механизаторлары еді. 1954 жылдан бастап егіске жарамды жерді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Одақ бойынша жыртылатын жерлер: Солтүстік Кавказ, Орал, Оңтүстік Сібір, Еділ бойы, Қазақстан. Ал тың игеру республикамыздың Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді. 1954 жылдың өзінде-ақ тың көтеру жөніндегі жоспар артығымен орындалды. Қазақстанда 6,5 млн га тың жер жыртылды. Астықтың жалпы түсімінің мөлшері 7650 мың тоннаға жетті. Тың игерушілер айтарлықтай көрсеткішке 1956 жылы жетті. Негізінен, 16 млн тонна астық жинаса да, оны 1 млрд пұт деп айтты. 1956-1958 жылдары республикада тағы да 4,8 млн га тың жер игеріліп, егіс аумағы 28,6 млн га-ға дейін өсті. Мұның ішінде дәнді дақылдар егісінің аумағы 23,2 млн га еді.Сол жылдары Қазақстанның оңтүстігінде күріш өсіру ісі жанданды. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Қызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштен рекордты өнім алуға қол жеткізіп, еселі еңбектің тамаша үлгісін көрсетті. Тың игеру кезінде еңбекші бұқараның ерен ерлігі нәтижесінде Қазақстанда астық өндірудің көлемі артты. 1940-1950 жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды.

Тыңгерлерді матералдық ынталандыру: дүние-мүлкі тегін көшірілді; отбасы басшыларына 500-1000 сом, ал әр мүшесіне 150-200 сом мөлшерінде бір реттік көмек берілді; үй салу үшін 10 жылға 10000 сом мөлшерінде несие берілді (35%-ін мемлекет өз қармағына алды); мал сатып алу үшін 1500-2000 сом несие бөлінді; 1,5 центнер астық немесе ұн, азық-түлік берілді; 2 жылдан 5 жылға дейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды.

Тыңгерлер саны: 1954-1955 жылдары өнеркәсіпке, көлікке жұмыс істеу үшін 0,5 млн адам болды; Ақмола облысына 20000 адам; Солтүстік Қазақстанға 150000 адам келу керек еді, артығымен 650000 адам келді; 1954-1962 жылдары жалпы 2 млн адам келді.

Жыртылған жер көлемі: 1954 жылы 6,5 млн гектар; 1955 жылы 9,4 млн гектар; Жалпы 25 млн гектар.

26-билет

1. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.

Қыпшақтардың қауіптеніп,өзіне тәуелді етуге ұмытылған мемлекет : Хорезм. Хорезммен жақындасуына байланысты 12 ғасырдың екінші жартысында ислам діні кең тарай бастады.

билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11-ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Кейіннен олар Византия империясы мен Болгария жеріне әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 – 80 ж. Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға тарай бастады. 11 – 12-ғасырларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар деп аталды. 12-ғасырдың ортасынан олар Сырдария бойындағы қалалар үшін Хорезммен соғысты. Қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет етті, сондықтан 13-ғасырдың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында қыпшақтар ыдырау алдында тұрды. Таққа тек бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Олар ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Кейіннен Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орталық Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары “Қыпшақ ұлысы”, “Қыпшақ тілдес халықтар” деген жалпылама атаумен аталып кетті. 13-ғасырдың аяғында Алтын Орданың құрамындағы қыпшақ тайпаларының этникалық негізінде құрылған автономиялық бірлестік – Ақ Орда күшейе бастады. 14-ғасырдың аяқ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары “өзбек” деген жалпылама атаумен аталды. 15-ғасырдың орта тұсынан бастап “өзбек” терминін “қазақ” атауы ығыстырып шығарды

 

2.Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.

Саржан Қасымұлы -қазақ халқының 1825–1836 жылдардағы ұлт-азаттық көтерлістің басшысының бірі болған. Абылай ханның немересі. Қарқаралы округіне қарасты Қарпық болыстығын басқарған. Орта жүзде хандық биліктің жойылуына (1822ж) тақ мұрагері Ғұбайдолла Уәлиұлы және әкесі Қасымсұлтанмен бірге қарсылық танытып, Ресей өкіметі тарапынан ашылған округтерді жойып, хандық билікті қалпына келтіруді талап етеді. Оның осы мақсаттағы Солтүстік және Орталық Қазақстан аудандарын қамтыған көтерлісі он жылдан астам уақыт созылды. 1836 жылдың жазында Қоқан билеушілері Сажанды інілері Ержан, Есенгелділермен бірге зұлымдықпен өлтірді. Оның бастаған ісін інілері Кенесары жалғастырды.

Саржан Сұлтанның көтерлісі (1825–1836ж) -Ресей империясының Қазақстанда жүргізілген отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Хандық биліктің жойылуына байланысты округтік және шекаралық Ресейлік басқару мекемелері ашылып, әскери бекіністер салына бастады. Көтерлістің шығуына Солтүстік Қазақстандағы суы мен жайылымы мол Есіл өзенінің бойындағы жерлердің орыс-қазақ шаруаларына берілуі және алым-салықтың өсуі де қатты әсер етті. Саржанның Қытайдағы Цинь үкіметімен қарым-қатынас орнату әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Ол інісі Есенгелдімен бірге қазақ ауылдарында халықты ашық бас көтеруге үгіттеп, 1825 жылы Қарқаралы округіне қарсы Қарпық болыстығы қазақтарының көтерліске шығуына ұйытқы болды. Қарулы жасақтар Саржан сұлтанның басшылығымен округтік приказдарға, керуен жолдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, жергілікті билік орындарын әбігерге түсірді. Жасақтар қатарында Саржанның інісі Кенесары да болды.

1826 жылы 31 қаңтарда Батыс Сібір генерал-губернаторы П. М. Капцевичтің бұйрығына сәйкес жіберілген 200 қазақтан жасақталған жазалаушы жасақпен Саржан бастаған көтерлісшілердің арасында шайқас болып, көтерлісшілер жеңіліс тапты. Бірқатар көтерлісшілер тұтқынға түсті. Қудалаудан құтылу үшін Саржан өз қол астындағы көптеген ауылдармен Орынбор шебіне қарай көшіп, Кіші жүз қазақтарын өз жағына тарту бағытында жұмыстар жүргізді. Соған орай Орынбор генерал-губернаторы Саржан сұлтанды Кіші жүздегі «барлық мазасыздыққа басты кінәлі» деп бағалап, оның мұндай әрекетіне тосқауыл қоюға әрекеттенді. Бұған қарамастан көтерлісшілер қатарына Кіші жүз қазақтарымен қоса қашқын орыс, татар, башқұрттар да қосылды. Саржан Қоқан, Хиуа хандықтарымен және Бұхар әмірлігімен байланыс орнатты. Саржан жасақтарымен барған сайын жаңа көтерлісшілермен толығып отырды. Оның жасақтарының бірін басқарған сұлтан Абылай Ғаббасов Қарқаралы округіне жорықтар ұйымдастырды. Көкшетау округтерінде сұлтан Сартай Шыңғысов Саржанға қолдау білдіретіндігін танытып, ондағы халық көтерлісіне басшылық жасады. Отаршылдық әкімшілікке жағымпаздпнумен ерекшеленген Қарқаралы округтерінің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысов Саржан бастаған көтерлісшілердің талқандауына ынталылық танытып, патша әскеріне көмектесті. Саржан 1832 жылы Қоқан хандығының Ташкент құсбегімен патша үкіметіне қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасап, Ұлытауға, Сарысу өзенінің бойына келіп қоныстанды. Қоқандықтардың қолдауымен бірнеше рет Орта жүз жеріне жорық жасалды. Ол Ташкент құсбегіне бағынышты Ұлы жүз қазақтарын да өз жағына тартуға тырысты. Бұл өз кезегінде Саржанның қоқандықтармен жанжалына негіз болды. Ташкент құсбегі 1836 жылы жазда Саржанды және оның інілері Ержан мен Есенгелдіні, сондай-ақ оны қолдаған бірқатар белгілі батырларды Ташкентке алдап шақырып зұлымдықпен өлтірілді. Саржанның өлімінен кейін Ресейдің отарлық саясатына қарсы күрес оның інісі Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ұласт

3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.

1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.

Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.

Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды.

т

 

Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.

.

 

Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Есім хан (1598—1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.

тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болғ

Қасым хан (1445— 1518/1521) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы және Шайбанидтер мемлекетінің ханы Мұхаммед Шайбани ханның бөлесі.

Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын

сипаттаңыз.

1986 жылғы 16 желтоқсан күні Пленумда (18 минутта) Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Г.Разумовский бірінші хатшы Д. А. Қонаевты орнынан алып, орнына Г. В. Колбинді сайлады. 

Брежнев атындағы (қазіргі Республика) алаңғаадамдар жинала бастады. Жастардың алаңға шығу себептері әртүрлі. Олардың, кейбіреулері мұнда талай жылдар бойғы шовинистік кеудемсоқтыққа өкпе-наразылығын білдіргілері келсе, басқалары “ұлттық намысты қорғау” ұранына еліктей аттанды. 17 желтоқсанның кешіне дейін шеруге қатысушылар шектен шықпады, ешбір заңды бұзбады. Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті Қ.Рысқұлбеков түрмеде қаза тапты. Студент қыз Л.Асанова жұмбақ жағдайда көз жұмды. Мұндай қайғылы мысалдар аз емес. 

Коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен «Бұрқасын -86» деген құпия жедел жоспар жасалынды. Алматыға арнайы жіберілген КОКП ОАК Саяси Бюросының мүшесі М.С.Соломенцевтің нұсқауы бойынша, КСРО-ң барлық БАҚ бұл оқиғаларды «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді.

1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. 

 

 

28-билет

Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі.

Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

 және 

 өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан.

 

 тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді.

Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.

ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстанның бірсыпыра аудандарында экономиканың өскендігі байқалды. Бұл жалпыресейлік рынокқа кірумен байланысты болатын. Бұл кезде Қазақстандағы саяси жағдай тұрақсыз болды. Сыр бойында өмір сүріп жатқан қазақтардың жағдайы ауыр болумен қатар, Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлай бастауы, Сыр өңіріндегі Хиуа хандықтарының өктемдігі олардың өздерінің саяси ықпалын күшейтуге тырысты. Бұл жағдай осы өңірдегі қазақтардың наразылығын туғызып, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің шығуына әкелді. Өйткені Хиуа ханының ұлы Мұхамед-Рақым Аллахұлдың Жаңадария мен Қуандария аудандарында көптеген қамалдар тұрғызуына орай, 1843 ж. өзінде-ак Жанқожа Нұрмұхамедов Қуандарядағы Хиуа бекінісін қиратып, 1845 ж. көктемінде киратылған бекіністі қалпына келтіруге жіберілген 2000 адамға жуық хиуалық отрядты талқандады. Хиуалықтарға қарсы күресте Жанқожа өзгеше стратегия қолданып, қамалға шабуыл жасап, оны қиратты. Оның әскерімен Жаңақала бекінісі алынды. 1847 және 1848 жылдары ол Райым бекінісі маңындағы хиуалықтарға тойтарыс беруде орыс әскерлеріне бірнеше рет жәрдем берді. Жанқожа Кенесары көтерілісіне де қатысты. (кейін, шынында бүл қозғалыстан кетеді) және Кенесарымен бірге Созақтағы хиуалықтар бекінісін талқандады.

1849 ж. Райым қамалына Орынбор казактарының алғашқы отбасылары қоныс аударды. 1857 ж. таман 3000-ға жуық қазақ отбасылары өздері тұрған орындардан жүретін жері жөне егін суаратын суы жоқ жерлерге қуылды. Бір жағынан хиуалықтардың езгісі, екінші жағынан — жерсіз қалу кішкентай шекті руының егінші қазақтарын ашық көтеріліске алып келді. Көтерілісшілер өздерінің апатына басты себепші Қазалы форты деп ойлады. Отаршылдық езгіге қарсы Жанқожа Нұрмұахмедовтың көшбасшылығымен Арал өңірінің қазақтары көтерілді. Олар: улкен шекті жөне кішкене шекті болып екіге бөлінетін шекті руынан шыққандар еді. Бірінші басшы Жанқожа Нұрмұхамедов, ал екінші Есет Көтібаров. Сөйтіп, көтерілістің басшысы Жанқожа Нұрмұхамедов (1770—1860 жж.) болды. Ол қарапайым еңбекшілер арасында беделді және мақсатты батыр деген даңқты иеленді. Жанқожа, болашақ шекті руының басшысы егінші қазақтардың күшті отарлық езгіге тап болғанын байқады. Сондықтан көтерілістің басты мәселелерінің бірі жер туралы болды.

Ақмешітті (1853 ж.) алған соң казактар мен қоныс аударғандарды орналастыру үшін қазақ жұртының иеленуінен алынған үлкен алаңдарды межелеп бөліп беру мақсатымен Сырдария әскери шебі қүрылды. Қазақ жұртының өзіне үй басы салығы салынды. Бүдан басқа, сондай-ақ көптеген міндеткерліктер — жолды күту, көпірлер салу, күре жолдардағы арықтарды тазарту, көлік-арба міндеткерлігі талабы бойынша жүмысқа түйелер бөлуі, қамал қүрылысына адамдар бөлуі және құрылыс материалдарын тасуға мал берулері керек болды.

1856 ж. патша әскерлері мен көтерілісшілер арасында тікелей әскери әрекеттер басталды. Бұрын Жанқожа Хиуалықтармен күрескен орыс әскери командованиясымен одақтас болса, ал қазіргі орыстардың Сырдария мен оның салаларындағы аудандарды отарлауына қарсы шыққан белсенді күрескерге айналды.

Көтерілісшілерге қарсы форттағы Михайлов отряды әрекет жасады. Майор Булатовтың көшбасшылығымен патша әскерінің тағы бір отряды көтеріліске қатысушылардың лагерін атқылады. Күрес ауыспалы басымдылықпен жүрді. Ақмешіттен портқа генерал-майор Фитингофтың отряды жіберілді.

1857ж. 9 қаңтарда Арықбалық шатқалындағы көтеріліске қатысушылар мен Фитингоф отрядының арасында шешуші шайқас болып өтті. Нәижесінде Жанқожаның 5000-ға тарта қарулы салт аттылары болғанымен, көтерілісшіер жеңіліс тапты. Шайқастан соң Фитингоф көтерілісшілердің ізіне түсіп, оларды Хиуа хандығы Сырдарияның оң жағалауына өтуге өтуге мәжбүрледі. Жанқожа өзіне Хиуаханы Бұхардан немесе Қоқаннан одақтастар табуға тырысты, бірақ ол мұны жасай алмады. Жанқожа отряды ауыл-ауылды аралып, тұрғындардың малдарын тартып алды. Қазақтар арасында аштық басталып, көптеген адамдар өлді.

Арал өңірі қазақтарының көтерілісі шамалы жерлерді қамтыған халық қимылы болды. Оған әр түрлі руларға жататын, қазақтардың едәуір бөлігі катысты.

Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80 – нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза болды.

 

өрті тұтанды. 1918ж. 25 мамырда Чехославак корпусының бүлігі. Қазақстанның елеулі аумағында Кеңес өкіметі құлатылып, коалициялық үкіметтер құрылды. Большевиктерге қарсы күштер (ақ гвардияшылар, кулактар, кадеттер, эсерлер, меньшевиктер, «Алаш» партиясы, «Шуро-ислами» ұйым-ң басшылар) мен саяси қозғалыстардың өкілдері өкімет билігін басып алып, жергілікті кеңестерді қуып таратты. 1918 ж шілдеде Орынборды атаман Дутов басып алып, Кеңестік Түркістанды Ресейден бөліп тастады. Қызыл армия құрамына қазақтар да кірді. Азамат соғысының барысында Қазақстан тарихында Черкасск қорғанысы орын алды.

қозғалысы. «Тау қырандары» партизан отрядтары, 22 ж/е 25-Чапаев дивизиясының ұрыстары. Қазақстандағы Азамат соғысы жылдарында нағыз қаһармандық пен табандылықтың үлгісін Ә.Жангелдин экспедициясы танытты (Ақтөбеге қару-жарақ пен дәрі-дәрмек жеткізді). 1920 жылы наурызда Қазақстандағы Азамат соғысының соңғы майданы Солтүстік Жетісу майданы жойылды.

29-билет

Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.

(1902–11) баспаларынан жарық көрген.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктері.

— Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның жағдайын, бастан кешкен оқиғаларын, өндірістік ахуалын баяндайды.

Соғыс туралы хабар қазақ даласына тез тарады. Қазақстандық ұл — қыздар соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отан алдындағы парыздарын өтеуге өтініш білдіріп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды (арсенал — күш-қуат, қару-жарақ қоймасы).

Соғыс кезіндегі өндірістік ахуал

Ыбырай Жақаев күріштен, Шығанақ Берсиев тары өсіруден рекорд жасады. Жазылбек Қуанышбаев төл алудан жоғарғы көрсеткішке жетті. Соғыс болып жатқан және жау қолында қалып қойған Украина, Белоруссия, Ресейдің кейбір аудандарынан 1941 — 1942 жылдары 220 зауыт, фабрика, цехтар көшіріліп әкелінді. Бұрын бейбіт өнімдер шығарған кәсіпорындардың барлығы дерлік енді соғыс өнімдерін шығаруға көшті. Қазақстан қорғасын өндіруден КСРО бойынша бірінші орынға шықты. Майданда атылған әрбір бес оқтың төртеуі Қазақстанның үлесіне тиеді.

Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі

Қазақстанның ауыл еңбеккерлері жауды жеңу үшін өздерінің отансүйгіштік және еңбек парызын жанқиярлықпен өтеді. 1941 — 1945 жылдары олар майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық — түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Майданда атылған әрбір бес оқтың төртеуі Қазақстанның үлесіне тиеді. Ұлы Отан соғысы жылдары 1 миллион 200 мың қазақстандық армия қатарына алынды. Яғни, әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды деген сөз.

Әсіресе Мәскеу, Сталинград, Ленинград үшін болған шайқастардың тарихында қазақстандық батырлардың ерліктері алтын әріптермен жазылды. Бұл жылдары жарамды ер-азаматтың көпшілігі соғысқа аттанды. Тылда қалған бала-шаға тойып тамақ ішпесе де, таңнан тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеді, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты.

 

.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – қазіргі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы), Абай ауданы, Шыңғыстау бөктері.

Қызметі: әрі лирик, әрі эпик ақын, сазгер,әнші, прозашы, аудармашы, тарихшы, философ, ғалым-зерттеуші, мәдениет қайраткері,терең ойшыл.

Абайдың шәкірті, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгеріп, Ыстамбұл, Париждің кіапханалары мен архивтерінде жұмыс істеді. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болды. Еңбегі: 1911 жылы жарыққа шыққан «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» кітаптары 1912 жылы жарияланған «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы.

«Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларында Шәкәрім демократияшыл, гуманиистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ ретінде танылды.

Тардуш қаған

 

Шегу қаған

 

Тон қаған

«селиф» атағын берді. Самарқан қаласын бағынышты етіп, өзінің айтқанына көндіріп отыру үшін, оның билеушісіне қызын әйелдікке беріп, өзінің орынбасары деп жариялаған. Жалпы жергілікті билеушілерді орынбасарым деп тағайындап отырды. Иран мен Византия арасындағы жағдайды бақылап отырды. Екі елдің арасында қақтығыс туа қалса,одақтасы Византияға көмектесетін. 627 жылы Византияға өзінің қалың қолын көмекке аттандырады.

 

Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.

 тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар.

 мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады.

 

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.

Ақмолада «Қазақ» газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шығып тұрды. 

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *